
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (Агенттік) төрағасының тапсырмасын орындау үшін Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының аудандары мен қалалары бөлінісінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай – күйіне талдау (бұдан әрі-тауар нарығына талдау) жүргізді.
Тауар нарығын талдау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын, атап айтқанда Атбасар ауданында баллондардағы газдың бағасын белгілеу немесе ұстап тұру жолымен нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері бөлігінде бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Нарық субъектілері Атбасар ауданында газ сату кезінде баллондардағы газдың бағасын 2020 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында төмендетпеді, ал бұл уақытта шекті көтерме баға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №227 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 31 қыркүйекке дейін ҚҚС-сыз
28 000-ға дейін төмендетілгенін айта кету керек.
Осылайша, Департамент әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Облгаз» ЖШС және «Атбасар Газ» ЖШС атына баллондардағы газдың бағасын белгілеу немесе ұстап тұру жолымен бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды.
Қазіргі уақытта хабарламалар «Облгаз» ЖШС баллондардағы газ бағасын (ҚҚС-пен) 1 кг үшін 155 теңгеден 146 теңгеге дейін және «Атбасар Газ» ЖШС (ҚҚС-пен) 1 кг үшін 160 теңгеден 150 теңгеге дейін төмендету арқылы толық көлемде орындалды.
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау үшін Департамент апта сайын ОЭК саласында мониторинг жүргізетінін қосымша хабарлаймыз.