Биржада мұнай өнімдерімен сауда жасау жөнінде жаппай оқыту басталады

Биржада мұнай өнімдерімен сауда жасау жөнінде жаппай оқыту басталады

2021 жылғы екінші тоқсаннан бастап мұнай өнімдерін (АИ-92, дизель отыны, авиакеросин) биржада өткізуді кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отыр.

Мұндай шешім монополияға қарсы органның бастамасы бойынша нақты сатушылар мен осы нарықтардың сатып алушыларының қатысуымен өткен көмір, авиациялық отын, газ және мұнай өнімдерінің биржалық саудасы бойынша «Іскерлік ойындардың» қорытындысы бойынша қабылданды. 

Мұна өнімдері нарығындағы биржалық сауда ірі ойыншылардың монополиялық билігін қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ресурстарға кемсітусіз қол жеткізуді және баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Осыған орай, тауар биржалары осы нарыққа қатысушыларды ауқымды оқытуды бастайды, олар биржалық саудаға кедергісіз және оңай кіру бөлігінде биржалардың сауда жүйесіндегі жұмыс саласында ғана емес, сондай-ақ қаржылық сауаттылық саласында өз біліктілігін арттырады (сауда-саттық қалай өтеді, кепілдікті/сақтандыру жарғылары, биржалық алым және т.б.).

Осылайша, бизнес мұнай өнімдерінің биржалық саудасын дербес бастауға дайын болады. Қазіргі кезде НҚА-ға өзгерістер тиісті келісу сатысынан өтіп жатыр.   

Аталған оқытуды 2020 жылғы 24 қарашадан бастап «Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы» АҚ іске қосты (оқуға өтінім беру үшін байланыстар: 8 701 718 93 99 – Алимжан, 8 708 852 43 31 – Адлет). Мұндай жұмысқа еліміздің барлық тауар биржалары тартылады.