Монополияға қарсы органда Қазақстан Республикасы Биржалық комитетінің отырысы өтті

Монополияға қарсы органда  Қазақстан Республикасы Биржалық комитетінің отырысы өтті

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жаңа құрамда Биржалық комитеттің бірінші отырысы өтті, оған мемлекеттік органдардың (БҚДА, СИМ, ҚМ МКК, ҚНРДА), сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның өкілдері кірді.

Отырысқа сондай-ақ РФ-дан шақырылған сарапшылар, қауымдастықтар, тауар биржаларының және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысты. 

Отырыс барысында нақты уақыт режимінде екі тауар биржасында «ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ және «Астана» әмбебап тауар биржасы» АҚ-да Қазақстанда алғаш рет көмірмен, авиациялық отынмен, газбен және мұнай өнімдерімен биржалық сауда бойынша нақты сатушылар мен осы нарықтардың сатып алушыларының қатысуымен «Іскерлік ойындар» өткізілді.

Ойын шеңберінде сауда-саттыққа жаңа тәсілдер пайдаланылды. Мысалы, АИ-92 бойынша салыстыру үшін жеткізу базисі ретінде зауыт пен өңірлік базалар айқындалды, көмір бойынша сатып алушылар  форвардтық келісімшарттар шеңберінде техникалық жарақталған көмір т/ж тұйықтары ғана болды (сауда-саттық ақпанда – тиеп жөнелту қазанда) және т.б.

Бұл жұмыс тауар нарықтарында биржалық сауданы дамытудың алдағы бағыты туралы түсінікті қалыптастыруға бағытталды. Ойын нәтижелері бойынша іс жүзінде ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ нәтижелерді нақтылау үшін ойындарды одан әрі жалғастыру қажет екендігі туралы шешім қабылданды.   

Осының бәрі тұтастай алғанда елімізде биржалық қызметті сапалы және перспективалы дамыту үшін жағдайлар жасайды, бұл мемлекетіміздің ағымдағы саясатында басым сипатқа ие.