МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ТАЛАБЫ СОТТА ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ТАЛАБЫ СОТТА ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Департаментінің Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қарсы талап арызын қарады.

Прокуратура мен Департамент жүргізген тексеру барысында 2024 жылдың I және II тоқсандарында 13 нарық субъектісіне сұйытылған мұнай газының 2,5 мың тоннасы заңсыз қысқартылғаны анықталды.

Монополияға қарсы орган енгізген нұсқама орындалмағанымен, сот отырысында басқарма өкілі талаптарды мойындап, газ көлемін қалпына келтіруге дайын екенін жеткізді.

Сот шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылды. Басқарма 13 нарық субъектісіне заңсыз қысқартылған сұйытылған газ көлемін қалпына келтіруге міндеттелді.

 

 

Сурет ашық дереккөздерінен алынды.