
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы органға суық және ыстық су есептегіштерін орнатуға келісуден бас тарту туралы «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК әрекеттеріне қатысты дистрибьютордың шағымы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хаты келіп түсті.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ның қызметінде, басқа нарық субъектісі үшін тауар нарығына кіруге кедергілер жасау кезінде көрсетілген монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 497 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.