
Нұр-сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы органның мекен-жайына жеке тұлғаларға қатысты заңды тұлғалар үшін белгіленген электр энергиясының тарифін қолдану бөлігінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС әрекетіне астана тұрғынының шағымы келіп түсті.
Жеке тұлғалар шарт бойынша бөлмелерді жалға алушылар болып табылады (төлем ғимаратты ұстауға және жөндеуге, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге жиналады).
Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына нұқсан келтірген немесе нұқсан келтіретін үстем жағдайды теріс пайдалануға тыйым салынады.
Серіктестіктің мекен-жайына әрекеттерінде осы белгілердің бар екендігі туралы хабарлама жіберілді.
Серіктестікке техникалық шарттарға сәйкес тұрмыстық және тұрмыстық емес электр энергиясын тұтыну мақсатына қарай тұтынушымен энергиямен жабдықтау шартын жасасуы қажет.
Хабарлама тұтынушымен энергиямен жабдықтаудың екі шартын жасасу арқылы орындалды.