2019 жылғы 22-24 қазан аралығында Будапешт қаласында (Венгрия Республикасы) ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі өңірлік орталығы (бұдан әрі – ЭЫДҰ орталығы) монополияға қарсы ведомстволарға арналған "Бәсекелестік жағдайларындағы құқықтық қорғау құралдары және міндеттемелер"тақырыбында семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті (бұдан әрі - Комитет) жыл сайын мақсаты монополияға қарсы ведомстволар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қатысушылар арасында практикалық тәжірибе алмасу болып табылатын ЭЫДҰ орталығы жанындағы семинарларға қатысады.
Комитет атынан аталған семинарға Комитеттің Агроөнеркәсіптік кешен басқармасының басшысы Әсемгүл Жұмабайқызы Нұрмағанбетова және Комитеттің Көлік және байланыс басқармасының бас сарапшысы Рүстем Фарукұлы Габдулжапаров қатысты.