2020 жылғы 9-10 наурызда Стамбул қаласында (Түркия Республикасы) ЮНКТАД қатысуымен Бәсекелестік мәселелері бойынша семинар (бұдан әрі - Семинар) өткізілді, оның ұйымдастырушысы Түрік бәсекелестік жөніндегі ведомствосы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің өкілі ретінде Стратегиялық талдау және экономикалық интеграция басқармасының басшысы А.Т. Баймақанова қатысты.
Семинар аясында «Цифрландыру» және «Трансшекаралық нарықтардағы ынтымақтастық» тақырыбындағы сессиялар талқыланды.
Семинар бүкіл әлем елдерінің монополияға қарсы органдарының бәсекелестік саясаты және құқық қолдану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін тамаша алаң болды.
Семинарға қатысушылар арасында пікір және мысалдар алмасу барысында Халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші нысандарының бірі болып табылатын бәсекелестікті арттыру саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне баса назар аударылды.