2020 жылғы 18-20 ақпан аралығында Будапешт қаласында (Венгрия Республикасы) ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі өңірлік орталығы (бұдан әрі – ЭЫДҰ орталығы) монополияға қарсы ведомстволар үшін «Банк және сақтандыру секторларындағы бәсекелестік және адвокаттандыру саласындағы құқық қолдану практикасы» тақырыбында семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті (бұдан әрі - Комитет) жыл сайын мақсаты монополияға қарсы ведомстволар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қатысушылар арасында практикалық тәжірибе алмасу болып табылатын ЭЫДҰ орталығы жанындағы семинарларға қатысады.
Комитет атынан аталған семинарға Қаржы нарығы және өзге салалар басқармасының басшысы Рақымжан Мұрат Ргебайұлы және Көлік және байланыс басқармасының сарапшысы Хусаинова Жанна Қасымбекқызы қатысты.