Егер өзінің қызметін бір тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілері бірыңғай баға саясаты туралы, сауда-саттықтың қандай да бір нәтижесін жасанды түрде жасау үшін белгілі бір тәртіп туралы, нарықты бөлу, тауарлар өндірісін қысқарту немесе тоқтату, белгілі бір сатушылармен немесе сатып алушылармен шарт жасаудан бас тарту туралы келіссе – олар картельдік сөз байласуға қатысушылар.
Егер сіз картелдік сөз байласуға қатысушы болсаңыз, бұл туралы монополияға қарсы органға хабарлаңыз. Нарық субъектісі – картель туралы монополияға қарсы органға бірінші болып хабарлаған және өзінің сөз байласуға қатысуын тоқтату бойынша жедел шара қолданған, тұтынушыларға келтірілген залалды өз еркімен өтеген картельге қатысушы жауапкершіліктен толық босатылады! (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабына ескертпе).
Егер сіздің кәсіпкерлік қызметіңізге өзара картельдік сөз байласу жасаған жосықсыз бәсекелестер бөгет жасаса – бұл туралы монополияға қарсы органға хабарлаңыз. Монополияға қарсы орган олардың қызметін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуына тексереді және сізде заңды ресурстар, нарықтық және өзге артықшылықтар пайда болады.
Егер сіз адал кәсіпкер немесе белсенді өмірлік ұстанымы бар азамат болсаңыз – сізге белгілі болған картельдік сөз байласулар туралы хабарлаңыз. Бұл әділдікті қалпына келтіруге көмектеседі.
Сіз картель туралы:
мынадай электрондық мекенжай бойынша: anticartel@economy.gov.kz
мына телефон бойынша: +7 (7172) 74-90-81, 74-94-80 хабарлай аласыз.
Құпиялылық қамтамасыз етіледі!