Егер сізге қатысты ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеу (бұдан әрі – тергеп-тексеру) рәсімін бастау туралы бұйрықпен келсе, сіз келесі
іс- әрекеттер жасауға құқылысыз:
Бірінші. Нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;
Екінші. Дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
Үшінші. Іске қатысатын басқа да адамдарға сұрақтар қоюға;
Төртінші. Сарапшылар тарту туралы өтінішхатпен шығуға;
Бесінші. Жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндірмелер беруге, тергеп-тексеру барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәйектерін келтіруге;
Алтыншы. Тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарымен танысуға, тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарына, дәйектеріне қарсылық білдіруге құқығы бар.
Жетінші. Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасын келісу комиссиясының қарауына шығару туралы өтінішпен монополияға қарсы органға жүгінуге.
Атап өту керек, монополияға қарсы орган жазалау және жауапкершілікке тарту мақсатын көздемейді. Монополияға қарсы органның объективті қорытынды қалыптастыру мақсатында өз құқықтарыңызды белсенді және ең бастысы дер кезінде пайдалануды ұсынамыз.