2022 жылдың 11 ақпанында монополияға қарсы қызметкерлер Open Space форматында кірме жолдарды ұсыну және вагондарды беру-алып кету қызметтерімен айналысатын нарық өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кездесу Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өткізген өндірістің негізгі факторлары – электр энергиясы, инфрақұрылым, теміржол тұйықтары, разъездер мен эстакадаларға бизнестің қол жеткізу шарттарын талдау шеңберінде ұйымдастырылды.
Кеңес барысында "Карамай продакст" ЖШС компаниясының өкілі кірме жолдар қызметтері мен вагондарды беру-жинау қызметтерінің бағасының жоғары болуына қатысты сөз сөйледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлер бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы, монополияға қарсы департаменттің адал бәсекелестікті дамыту, алдын алу, анықтау және тергеу, монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі қызметі туралы ақпараттандырылды.
Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.
Талқыланатын тақырыптар және жоспарланған іс – шаралар Департаменттің Instagram-дағы @dazrk_po_alm_obl, Facebook-тегі - @Талдықорған ДАЗРК парақшасында орналастырылады
Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61
Сурет ашық көздерден алынды