Меню

Страницы

Статья

НЕГІЗГІ ҚУАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ АРҚЫЛЫ ЕРКІН НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ

Мемлекет басшысы қаңтардағы сөйлеген сөзінде елімізде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе ұлттық табыстың жалпы өсімін қамтамасыз етуде жеткілікті тиімділік көрсеткенін, бірақ бұл ретте оны бөлуде тиімсіз болып табылатынын атап өтті. Экономикалық өсудің негізгі пайда алушылары қаржы-олигархиялық топтар болды, ал қалыптасқан олигополиялар еркін нарықтың дамуын айтарлықтай шектеді және елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетті. Көп жағдайда бұл жағдай шағын және орта бизнестің "негізгі қуат"деп аталатын қуатқа шектеулі қол жетімділігіне байланысты.

2021 жылғы 30 желтоқсанда бәсекелестікті дамыту жөніндегі заңға қол қойылды, оның нормалары іс жүзінде Мемлекет басшысының Қазақстан экономикасын одан әрі мемлекет иелігінен алу және елдің негізгі нарықтарына жаңа ойыншылардың кіруіне жол ашу жөніндегі тапсырмаларын орындауға негіз болды. Заңның негізгі бағыттарының бірі – шағын және орта бизнестің "негізгі қуатқа", яғни инфрақұрылымға немесе объектілерге қол жеткізуін қамтамасыз ету, оларға қол жеткізусіз релевантты немесе аралас нарықтарда қызметтің белгілі бір түрлерін орындау мүмкін емес.

Негізгі қуаттың мысалдары – магистральдық теміржол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, одан әрі қайта бөлуге арналған бастапқы металдар, мұнай өңдеуге арналған мұнай, теңіз порты, дәрі-дәрмек өндіруге арналған субстанциялар, өндіріс технологиялары. Негізгі қуат – онда болашақта бизнес құрылатын негіз болып табылады.

Компаниялардың негізгі қуаты олардың тұтынушылары болып табылатын аралас тауар нарықтарының қатысушылары үшін шектеулі немесе капиталды шығын ресурстарға ие болуымен байланысты. Желілік әсер бере отырып, "негізгі қуат" аралас тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне тікелей әсер етеді.

"Негізгі қуат" иегерлерінің бәсекелестігіне облыстардың шекараларында станциялармен және өңірлік электр желілерімен үлестес компаниялар үстемдік ететін электр энергиясымен жабдықтау нарығында қалыптасқан жағдай ықпал етуі мысалы бола алады.

Ұқсас жағдай мұнай өнімдері нарығында да бар. Нарықтың олигополиялық құрылымы жағдайында тауарларды сатып алу-сату мәмілелерін жасау тікелей шарттар бойынша жүзеге асырылады, бұның көлемдерді бөлуд, контрагенттерді таңдаудың айқын емес процесі сияқты бірқатар жағымсыз жақтары бар, баға белгілеудің айқын емес жүйесін және монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тәуекелдерін және т.б. қалыптастырады, бұл бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына ықпал етпейді.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі жаңа заңда үстем компаниялардың (ОЭК, көлік, байланыс, өнеркәсіп және т.б. салалар) инфрақұрылымы мен ресурстарына қол жеткізудің негізгі қағидаттары айқындалған: тең қолжетімділік, ашықтық, ақылылық.

Бұдан басқа, заңды іске асыру үшін негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары әзірленеді, онда қол жеткізу шарттары мен нысанасы, мерзімдері, бас тарту негіздері, өтінімдерді қарау тәртібі және басқалары айқындалатын болады.

Қазіргі уақытта БҚДА монополиялық тауар нарықтарына (мұнай және мұнай өнімдері, тауар газы, электр энергиясы, көлік және байланыс, қаржы нарықтары) монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту тұрғысынан кешенді талдау жүргізуге кірісті. Талдау монополиялық топтар қызметінің аралас тауар нарықтарына әсерін, олардың экономикалық тиімділігін және монополиялық шығындардың болуын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ талдау процесінде операторлардың (арнайы құқықтар берілген мемлекеттік және жекеменшік) қызметі олардың одан әрі жұмыс істеуінің орындылығы тұрғысынан зерделенетін болады.

Дата публикации
26 января 2022
Дата обновления
26 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы