Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Бәсекелестік құқықты, инновациялар мен саясатты дамытудың халықаралық орталығы дайындаған бәсекелестікті дамытудың қысқаша нұсқаулығын ұсынады. Бұл құжатта мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу кезінде нарықтардағы бәсекелестік үшін тәуекелдерді азайту бөлігінде заңнамалық нормаларды әзірлеушілерге пайдалы болатын қысқаша әдістемелік ұсынымдар бар. Оның өзектілігі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеушілерге көбінесе заңнамаға енгізілгенге дейін нарықтарды реттеудің белгілі бір шараларының салдарын бағалау қиынға соғатындығымен байланысты болып отыр.
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі нұсқаулықта мемлекеттік реттеу әдістері және олардың бәсекелестік ортаға әсерін бағалау қарастырылады. Нарықтық тетіктерді дамытуға және мемлекеттің нарықтағы рөлін айқындауға ерекше көңіл бөлінеді. Салық салу және субсидиялар арқылы нарықтарды реттеу саясаты қаралады, сондай-ақ мемлекеттің нарықтарға неғұрлым жеңіл тікелей қатысу тәсілдері келтірілді. Нарықтық процестерге мемлекеттің сәтті және сәтсіз араласуының мысалдары келтірілген, сонымен қатар нарықтық экономикадағы бәсекелестіктің рөлін сипаттайды.
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі нұсқаулықтың толық мәтіні осында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/207680?lang=ru):