Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Президентке Қазақстандағы биржа саудасының дамуы, құрылыс материалдары, тұрғын үй, жанар-жағар май нарықтарындағы бағаға қатысты ахуал, сондай-ақ, кірме жолдар нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде мәлімет берілді.

Серік Жұманғарин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік және жеке операторлардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі тапсырмасының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Сондай-ақ,  жұмыс істеп тұрған қазіргі құрылымдарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарын айтты. Болжам бойынша олар 3,5 миллиард теңге экономикалық пайда әкеледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына фармацевтика, автожолдар құрылысы нарықтарындағы, денсаулық сақтау саласындағы монополияға қарсы әрекет ету шаралары туралы айтылды. Салалық ведомствоның жетекшісі Президентке бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін шектеулерді жою үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қабылдап жатқан шаралар, Ұлттық жоба және бәсекелестікті дамыту жөніндегі заң жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.

Дата публикации
21 июня 2021
Дата обновления
21 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы