Меню

Страницы

Статья

АШМ-ге қатысты тергеу басталды

ҚР АШМ іс-әрекетінде бәсекелестікті шектеу белгілері анықталған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құс фабрикаларының өтініштерін қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша ауыл шаруашылығы министрлігіне (АШМ) қатысты тергеуді бастады. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері ҚР АШМ іс-әрекетінде тауық жұмыртқасын өндірушілерге субсидия бөлу кезінде анықталды, - делінген хабарламада.

Ведомство тергеу нәтижелері бойынша тиісті баға берілетінін атап өтті. Бұдан басқа, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне келіп түскен өтініштің негізінде ҚР АШМ ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау ережелеріне талдау жүргізілді. Онда малға арналған идентификациялау құралдарын (құлаққа тағатын сырғаларын) жеткізушілерге қойылатын талаптар қамтылды. Белгілі болғандай, осы талаптар әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуіне жол бермейді екен. Өйткені онда ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялауды жүргізуге арналған қаражатты сертификатталған өнімі жануарлар туралы жазбаларды жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымның (ICAR) интернет-ресурсында ұсынылған өндірушілер дайындайды делінген. Ал өз кезегінде Қазақстан нарығында өнімдері ICAR интернет-ресурсында көрсетілмеген малға арналған құлақ сырғаларын өндірушілер де бар, - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Анықталған фактілер негізінде ҚР АШМ атына монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама да жіберілді. Хабарлама заңнамада белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тергеп-тексеруді бастайды, - делінген агенттік ақпаратында

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы