Меню

Страницы

Статья

Бәсекелестікті дамыту туралы ұлттық жоба қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин дөңгелек үстел барысында айтты.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бәсекелестік саясатты дамыту саласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылдың соңында «Бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары» туралы Жарлығы маңызды рөл атқарады. Бұл салаға жаңа міндеттер жүктеген құжат. 

Осының негізінде бәсекелестікті қорғау жалпы ұлттық міндетке айналды. Жарлыққа орай агенттікте Бәсекелестікті дамыту туралы ұлттық жоба қабылданады. Ұлттық жобалар институты жаңартылған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сай кіріктірілуде. Оның негізгі ерекшелегі жалпыұлттық стратегиялық маңызға ие құжат болуында, - деді ол. 

Жұманғаринның айтуынша, мұнда бәсекелестікті қорғау механизмі мен оны жүзеге асыру, бәсекелестікті қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталып, жобалық басқарманың принциптеріне сай болады. Осылайша агенттік Ұлттық жоба шеңберінде бәсекелестіктің салалық функцияларын қарастырады. Оған барлық мемлекеттік, квазимемлекеттік орган мен әкімдік және басымдық рөл атқаратын кәсіпорындар тартылады. 

Оны жасау барысында халықаралық әріптестеріміздің тәжірибесін де зерттедік. Еуропалық мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, қазір олар антитрастқа басымдық беруде. Ал біз бүгінде бәсекелестікті қорғау мен дамытуға назар аударып отырмыз. Осының негізінде кәсіпкерлікпен айналысудың мүмкіндігі кеңейтіліп, стимул беру мақсаты қойылған. Біздің жобалық мақсатымыз шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырды, - деді ол.
Бұған дейін антимонополиялық орган Кедергілермен күрес кеңесін құрғаны хабарланды.

 

Лаура ТІЛЕУБАЙҚЫЗЫ
Фото: дереккөз
 

https://baq.kz/news/othernews/basekelestikti-damytu-turaly-ulttyk-zhoba-kabyldanady/

Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
08 июня 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы