Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қарауында 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы хаттама 2021 жылғы 17 ақпанда Мәскеу қаласында қол қойылған хаттама (бұдан әрі – Хаттама) жатыр.
ҚР заңнамасына сәйкес Хаттама ратификациялауға жатады.
Осыған байланысты БҚДА «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі - Заң жобасы) әзірледі.
Заң жобасын қабылдау 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында Құпия ақпаратты қорғау тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Заң жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді және мемлекеттік шығыстарды қысқартуға немесе ұлғайтуға әкеп соқпайды.