Меню

Страницы

Статья

Энергетика және ТКШ басқармасы бәсекелестікке мән бермеді

Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына мемлекеттік сатып алуға байланысты заңды бұзғаны туралы хабарлама жіберілді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіп, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 1-тармағында (Жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген әрекеттерi) көзделген энергетика және ТКШ басқармасының іс-әрекеттерінде құқық бұзушылық анықтады.

Бұл жерде әңгіме 2020 жылы басқарманың «Атырау облысы аумағында газ тарату құбырлары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсету» қызметін бір көзден - "Интергаз Орталық Азия" АҚ-дан сатып алғаны туралы болып отыр. «Сонымен қатар, газ тарату құбырлары бойынша қызметтерді жүзеге асыру бәсекелестік ортада бар», - деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің баспасөз қызметі. Яғни, басқарма тендер жариялауы керек еді.

Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес басқарманың атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылғаны туралы хабарлама берілді, ол алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуы тиіс. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛИНА

​Энергетика және ТКШ басқармасы бәсекелестікке мән бермеді — новости на сайте Ак Жайык (azh.kz)

Дата публикации
13 апреля 2021
Дата обновления
14 апреля 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы