Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы Департамент Open Space форматында мүдделі қатысушылармен мемлекеттік монополия субъектілерінің, мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін жалғастырудың орындылығын талқылады.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС, «Сарыарқа «ӘКК» АҚ, «Саранькоммунсервис» ШЖҚ КМК, Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, «Сараньтеплосервис» ЖШС, «Энергоуголь XXI» ЖШС, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, «Шахтинскводоканал» ЖШС өкілдері қатысты.
Open Space барысында жеке құрылымдар (бірыңғай операторлар) қызметінің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан орындылығы мен ашықтығы талқыланды.
Талқылау барысында «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС монополияға қарсы органның келісімінің қолданылу мерзімі 2020 жылдың соңында аяқталғанына қарамастан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қызметтің кейбір түрлерімен айналысатыны белгілі болды. Оның ішінде, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын, атап айтқанда Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту тетігін іске асыру шеңберінде экономикалық қызметті тиімді жүргізуге жәрдемдесу бойынша 2020 жылдың соңында аяқталды. Осыған байланысты Департамент өз құжаттарын бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы НҚА-ға сәйкес ретке келтіруді ұсынды.
Сондай-ақ, «Сарыарқа «ӘКК» АҚ құрылтайшысы болып табылатын «Арқа» ИБК» АҚ қызметінде сәйкессіздіктер анықталды. «Арқа» ИБК» АҚ «меншікті мүлікті жалға алу және басқару» қызмет түрін жүзеге асырады. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу монополияға қарсы органның келісімінсіз заңды тұлға құруда көрініс тапты.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Департамент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне «Арқа «ИБК» АҚ-ын кәсіпкерлікке мемлекеттік қатысуды қысқарту шеңберінде бәсекелес ортаға беру туралы ұсыныстар дайындап жатыр.