Меню

Страницы

Статья

Шет ауданының мемлекеттік мекемесінің сатып алуларында бәсекелестікті шектеуге жол берілген

Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру тендерлеріне жүргізілген талдау шеңберінде "Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларында көзделген заң бұзушылықтар бойынша тергеуді аяқтады.

"Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ атына енгізілген Департаменттің Қарағанды облысының Шет ауданында орналасқан коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шартты бұзу туралы хабарламасын орындамауы тиісті тергеу жұмыстарын жүргізуге негіз болды.

Тендерлік шарттарда мүлікке қызмет көрсету үшін өндірістік базаның болуы қажет екендігі көрсетілген. Осындай талап Кәсіпкерлік кодекстің 194 бабына сәйкес бәсекелестікті шектейді және үшінші тұлғаларға басымдылық береді.

Тергеу нәтижелері бойынша "Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ-не қатысы бар заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарылды.

https://saryarqanews.kz/kz/news/zhanalyktar-shet/shet-audanynyn-memlekettik-mekemesinin-satyp-alularynda-bsekelestikti

 

Дата публикации
18 февраля 2021
Дата обновления
19 февраля 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы