Меню

Страницы

Статья

Қарқарлы ауданының мемлекттік мекемесіне қатысты құқық бұзушылықтар бойынша тергеу аяқталды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-не қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің нормаларында көзделген құқық бұзушылықтар белгілері бойынша тергеу аяқталды.

Тергеп-тексеруге «Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-нің атына Қарқаралы қаласында мамандандырылған техника мен автомашиналарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі  жеке кәсіпкер А.З.Игликовамен шартты бұзу туралы енгізілген Департаменттің хабарламасының орындалмауы негіз болды.

Тендерлік (конкурстық) шарттарда аудан орталығында мүлікті тұраққа қою және оған техникалық қызмет көрсету үшін өндірістік базаның болуы қажет екендігі көрсетілген. Тендердің көрсетілген шарттары бәсекелестікті шектейді және үшінші тұлғалар үшін басымдылық береді, мұны бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылыққа жатқызуға болады.

«Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ тексеру барысында ЖК А.З.Игликовамен осы шартты бұзып, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларының бұзылғандығын мойындады.

«Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-не қатысты тергеу нәтижелері бойынша жіберілген заң бұзушылықтарды жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарылды.

https://saryarqanews.kz/kz/news/zhanalyktar-karkaraly/karkarly-audanynyn-memlekttik-mekemesine-katysty-kukyk-buzushylyktar

 

Дата публикации
18 февраля 2021
Дата обновления
18 февраля 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы