Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу барысында заң бұзған шенеуніктер жазаланды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу барысында түрлі заңбұзушылыққа жол берген шенеуніктерге айыппұл салынды.

Үш ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшыларына әкімшілік іс қозғалып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мәліметінше, аудан, қалаларда мемлекеттік сатып алу саласына мониторинг жүргізілген. Оның қортындысымен Бәйдібек, Отырар және Түлкібас аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізгені анықталған. Атап айтқанда, ауыз су құбырларын тарту мен жылу жүйелерін жүргізу кезінде белгілі бір кәсіпкерлік нысандарға басымдық берілген. «Аталған бөлімдер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша келісімшарттарын түзіп, бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол берген. Сондықтан заңбұзушылық әрекеттердің орын алуына байланысты мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесі ішінара жарамсыз деп танылады. Тергеп-тексеру қортындысымен жоғарыда аталған бөлімдердің басшыларына қатысты әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов.

https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-memlekettik-satyp-alu-barysynda-zan-buzgan-sheneunikter-zhazalandy_a3748430

 

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
05 февраля 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы