Меню

Страницы

Статья

Ақмолада қара алтын құны шамадан тыс көтерілген

Ақмола облысының бірнеше аудандарында көмір бағасын қолдан көтерудің бірнеше фактісі тіркелді. Қара алтын құнының шамадан тыс шарықтап кеткенін Ақмола облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі облыстық департаменті анықтаған, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі.
Бағаны белгіленген межеден асырып жіберу фактілері Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Жарқайың аудандарында орын алған. Ведомствоның берген мәліметтеріне сенсек облыста көмір бағасын шекті бағадан асырып сатқан 8 компания анықталған.
Қазіргі уақытта көмір тасымалымен айналысатын аталған компанияларға қатысты тиісті шара қолданылып, бағалар қайта қалпына келтірілген.

Мәселен Шортанды ауданындағы «Ақ Сұңқар 2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Д» маркалы көмірді 15 200 теңгеден 14 200 теңгеге және 14 500 теңгеден 13 900 теңгеге дейін төмендетті. Сондай-ақ жеке кәсіпкер «Акопян» осыған ұқсас көмір маркасын 16 500 теңгеден 15 мың теңгеге дейін төмендетілді, - дейді департаменттің баспасөз қызметінен.
Департамент алдағы уақытта да көмірдің бағасын реттеу үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетінін жеткізді.

Бұл ретте сатып алу бағасы және басқа да шығындар ескерілмек.

“Осылайша, бәсекелесктік ортадағы тиісті баға мөлшері бағдарлана отырып, көмірдің шекті бағасын өз бетінше межелеу практикасы тоқтатылады”, – деп толықтырды ведомстводан.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

"Адырна" ұлттық порталы

https://adyrna.kz/post/58257

 

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы