Меню

Страницы

Статья

Биржада экспорттаушыларға қосылған құн салығының 70%-ы бірден қайтарылмақ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Биржалық комитетіне осындай бастама көтерді.

Алматы, NEGE. Осылайша жаңа нормаға сәйкес тауар биржасында өнім экспорттайтындарға бірнеше жеңілдік қарастырылған. «Экспорттаушылардың электрондық шот-фактуралары болған жағдайда қосылған құн салығының 70%-ын бірден, ал 30%-ын аудит нәтижелері бойынша қайтару жоспарлануда. Бұл мүмкіндік қазіргі кезде Сауда және интеграция министрлігімен және ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп пысықталуда», – деп жазылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында. Айта кететіні, ҚР Сауда және интеграция министрлігі биржалық тауарлардың тізбесі өткен жылғы желтоқсан айының соңында бекіткен болатын. Тізбеде көрсетілген тауарлар 2021 жылы кезең-кезеңімен сауда-саттыққа шығарылмақ. Сонымен қатар Биржалық комитет коммуналдық-тұрмыстық көмірдің биржалық саудасына ерекше назар аудармақ. Бүгінгі күні коммуналдық-тұрмыстық көмір өндіретін ірі компаниялар өнімнің барлық көлемін тауар биржалары арқылы сатады, оны ірі көтерме компаниялар сатып алып, өңірлік операторларға қайта саудалайды. «Нәтижесінде өндірушіден 1 тонна үшін 4400-6200 теңге мөлшеріндегі көмірдің бастапқы көтерме бағасы соңында 13000-15000 теңгеге дейін өседі. Бұл ретте биржаларда көмір сатып алатын ірі көтерме саудагерлердің орташа үстемесі шамамен 3-4 мың теңгені құрайды. Мәселені шешудің бір жолы - өңірлік операторлардың тауар биржасына шығу мүмкіндігі қарастыру», – деп хабарлады комитет. Мұндай мүмкіндікті қарастыра келе комитет арнайы қағидалар әзірлеген. Оның ішінде өндірілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы айлық көлемінің 10%-ын биржалық сауда-саттыққа шығару бар. Сондай-ақ көмірді халыққа тікелей сататын компанияларды саудаға қатыстыру да қарастырылған.

https://www.nege.kz/news/el/birzhada_eksporttaushilarga_kosilgan_kun_saliginin_70i_birden_kaitarilmak_20210118161113

 

Дата публикации
18 января 2021
Дата обновления
19 января 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы