Меню

Страницы

Статья

"7% қосып еді, бәрі қымбаттады": Ақтөбеде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Ақтөбеде азық-түліктің бағасы шарықтап кетті. Әсіресе, қант, жұмыртқа, сұйық май едәуір қымбаттаған. Арнайы мекемелер әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбаттатқандарға қатысты тергеуді бастады. Егер қолдан жасалған қымбатшылық болса, айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Аstanatv.kz телеарнасы.

Өңірдегі азық-түлік бағасының құбылуы, өткен жылдан басталған. Бір жыл ішінде қант 56 пайызға, қарақұмық 40 пайызға, күнбағыс майы 31 пайызға қымбаттапты. Бұқара: "басқа-басқа – тамақ алуға қаражаттың жетпей жатқанын" айтты.

"Пенсияға 7 пайыз қосып еді. Бәрі қымбаттап шыға келді. Тіпті, 2 есеге қымбаттады. Жұмыртқа 30 теңге еді, қазір 60-70 теңге. Былтыр картоп 60 теңге еді. Биыл 160 теңге. Халықтың жағдайын ойласа осылай бола ма", – дейді жергілікті тұрғындар.

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың айтуынша, бұрын шемішкі май 5 литрі 2 мың теңге болған, қазір 3 мыңға шыққан. Ал табысы аз 60-70 мың айлық алатындардың жағдайы қиындай түскен.

Қымбатшылықты арнайы мамандардың жүргізген талдауы да растаған. Олардың зерттеуінше желтоқсан айында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 4%-тен 12%-ке дейін өскен.

"Желтоқсан айының соңғы күндерін 2020 жылдың қарашасымен салыстырғанда бағаның өсуі байқалады. Күнбағыс майы – 12,3%, қант – 4,6%, жұмыртқа – 3,4%, кептірілген кеспе – 1,4%, қарақұмық жармасы 1,2%-ке қымбаттаған", – дейді ұлттық статистикалық бюроның ақтөбе облыстық департаментінің басқарма басшысы Шара Нұрпейісова.

Жергілікті атқамінерлер болса, қарап жатпағандарын жеткізді. Қаладағы ірі сауда орындарымен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойғандарын айтады. Ал азық бағасының күн санап өсуін олар өндірушілердің бағаны көтеруімен байланыстырып отыр.

"Қант өндірісі облыста жоқ. Қазақстанда тек екі өңір Жамбыл мен Алматы облысының өңдіру көлемі республиканы қамтуға келмейді. Біз Ресейден, Белоруссиядан импорттаймыз. Қазір Ресей нарығын қорғау мақсатында экспорттағы мөлшерін көтерді. Сол себепті баға көтеріліп жатыр", – дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Ал күнбағыс майы Ақтөбенің өзінде шығарылады. Атқамінерлер өндірушілердің делдалдар арқылы қолдан баға көтеріп жатқанын анықтаған. Тіпті, бұған қатысты қазір тексеру жұмыстарын бастапты.

"Күнбағыс майын өндірушіге қатысты хабарламаның орындалмауына байланысты қарсы тергеу тағайыдалды. Оның нәтижелері бойынша заңбұзушылық фактілері болған жағдайда, монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады", – дейді бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Сағындық Ерғалиев.

Мамандар жұмыртқа өндірушілерге қатысты да тексеру жұмыстарын қолға алған. Кәсіпкерлердің бағаны қолдан өсіруге әрекеттенгендері анықталса, қомақты айыппұл арқалауы мүмкін.

"7% қосып еді, бәрі қымбаттады": Ақтөбеде азық-түлік бағасы шарықтап кетті (sputnik.kz)




 

Дата публикации
16 января 2021
Дата обновления
16 января 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы