Меню

Страницы

Статья

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН БИРЖАЛЫҚ САУДА ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІН АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінен келіп түскен ақпараттарды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тауар биржалары туралы заңнаманы бұзу деректерінің жолын кесу шараларын қабылдады.

Сауда-саттықтың ашықтығын, нарық субъектілерінің тең қолжетімді ету қамтамасыз ету және бағаға манипуляция жасауға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығымен тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге тиіс биржалық тауарлардың тізбесі бекітілген. Аталған тізбеге, оның ішінде, көлемі 60 тоннадан астам жаңа және салқындатылған картоп енгізілген, мұндай өнім тек биржалық сауда арқылы ғана сатылуы тиіс.

Алайда ағымдағы жылы өңірдің ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің бірі белгіленген көлемнен артық картопты заңнама талаптарын айналып өтіп өткізгені анықталды.

Аталған фактілер бойынша кәсіпкерге қатысты тауар биржалары туралы заңнаманы бұзу белгілерімен 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушылық фактісі мойындалып, айыппұлды төлеуге келісім берілгендіктен, материалдар қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Мемлекет кірісіне 2 752 400 теңге өндірілді.

Департамент биржалық тауарларды белгіленген ережелерді бұзып өткізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Дата публикации
31 октября 2025
Дата обновления
31 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы