Меню

Страницы

Статья

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментіне «Вавиот Азия» ЖШС-нен «Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілік компаниясы» АҚ-ның («СК РЭК» АҚ) тарапынан бәсекелестікке кедергі келтіру мүмкіндігі туралы өтініш келіп түсті.

Өтініште есепке алу аспаптарына қойылатын заңнамаға қайшы талаптарды мәжбүрлеп енгізу және жаңа қатысушыларды шектеулі ресурстарға жолатпау фактілері көрсетілген.

Өтінішті қарау барысында антимонополиялық орган «СК РЭК» АҚ желілеріне қосылған тұтынушылардың электр қондырғыларында электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелерін (электр есептегіштерін) қабылдау (пломбалау) қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде «СК РЭК» АҚ-ның осы тауар нарығында монополиялық жағдайы бар екені анықталды.

Компания үстем жағдайын пайдалана отырып, «Вавиот Азия» ЖШС сататын есепке алу аспаптарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген талаптар қою арқылы нарыққа кіруге кедергілер жасағаны белгілі болды.

Осыған байланысты «СК РЭК» АҚ-ның атына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 10) тармақшасы бөлігінде заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі жөнінде хабарлама жолданды.

Хабарлама заңмен белгіленген мерзімде толық көлемде орындалды.

Дата публикации
31 октября 2025
Дата обновления
31 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы