Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті сығымдалған табиғи газды өткізу нарығында монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бойынша «KZ» ЖШС-не қатысты тергеуді аяқтады.
Тергеп-тексеру бастауына Шымкент қаласының «Көлік және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің табиғи газ бағасының негізсіз өсуі туралы өтініші себеп болды.
Тергеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-бөлігі талаптарының бұзылу белгілері анықталды.
Түркістан облысының Төле би аудандық сотының 2025 жылғы 13 тамыздағы қаулысымен «KZ» ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Серіктестікке 6 874 189 теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ 12 479 264 теңге көлеміндегі монополиялық табыс мемлекет кірісіне өндірілді.