2024 жылғы 29 қазанда Кореяның әділ сауда жөніндегі комиссиясының (KFTC) шақыруымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) делегациясы Сеулде (Корея Республикасы) Өткен АСЕАН және ТМД елдері құқық қолданушыларының екінші саммитіне қатысты.
Іс-шарада Бәсекелестік саясаттағы негізгі тенденциялар талқыланды, соның ішінде:
АСЕАН және ТМД елдерінің заңнамасындағы өзекті өзгерістер;
жасанды интеллект пен жоғары технологиялық салаларды қоса алғанда, цифрлық экономикадағы бәсекелестіктің сын-қатерлері мен перспективалары.
БҚДА Төрағасы Марат Омаров Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен трендтер туралы баяндама жасады.
Агенттіктің осындай халықаралық форумдарға қатысуы ЕАЭО мен ТМД-дан тыс өзара іс-қимыл географиясын кеңейте отырып, Қазақстанның халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын нығайтады.
Саммит аясында БҚДА мен Кореяның әділ сауда жөніндегі комиссиясы арасында монополияға қарсы реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісім жасалды.