Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бизнес мүдделерін қорғауға және Қазақстан нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Атап айтқанда, Агенттік бәсекелестікке жатпайтын тәжірибелермен, соның ішінде картельдік келісімдермен күреседі.
Бір тауар нарығында әрекет ете отырып, бірыңғай баға саясаты, сауда-саттық нәтижесін қолдан жасау үшін белгілі бір мінез-құлық, нарықты бөлу, тауарлар өндірісін қысқарту немесе тоқтату, сондай-ақ белгілі бір сатушылармен немесе сатып алушылармен шарттар жасасудан бас тарту туралы уағдаласатын нарық субъектілері картельдік сөз байласуға қатысушылар болып саналады.
Егер жосықсыз бәсекелестер Сіздің бизнесіңізге картельдік келісім жасау арқылы араласатын болса, Сіз агенттікке шағым түсіруіңіз керек.
Монополияға қарсы орган олардың қызметін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың бар-жоғына тексереді, бұл сізге заңды ресурстар, нарықтық және өзге де бәсекелестік артықшылықтар алуға көмектеседі.
Осыған байланысты адал кәсіпкерлер мен белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтарға әділеттілікті қалпына келтіруге көмектесу үшін картельдік келісімдер туралы хабарлау ұсынылады.
Сіз сөз байласуы туралы есеп бере аласыз:
электрондық мекенжай бойынша: а.abdikarim@azrk.gov.kz
телефон: +7 (7172) 74-94-80, 74-94-62
Құпиялылық қамтамасыз етіледі!