Меню

Страницы

Статья

АҚШ Әділет министрлігінің монополияға қарсы бөлімімен өзара іс-қимыл

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласындағы сөз байласуды анықтау және тергеуге арналған онлайн семинарға қатысты. Іс-шараны АҚШ Әділет министрлігінің монополияға қарсы бөлімі (DOJ) ұйымдастырды.

Ашық пікірталас форматында өткен семинар барысында Агенттік қызметкерлері белсенді түрде сұрақтар қойып, тергеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады. Америка Құрама Штаттарының мамандары мемлекеттік сатып алуларға әсер ететін бәсекелестікке қарсы келісімдерге шолу жасады. Қылмыстардың сипаты анықтау үшін қажетті дәлелдемелердің типтік элементтері қаралды.

Сондай-ақ, тақырып бойынша сарапшылар, соның ішінде сот адвокаты Брайан Серино және техникалық көмек жөніндегі үйлестіруші Девон П. Махони сөз байласуды анықтау әдістерін ұсынды, ықтимал сөз байласуды көрсететін «қызыл белгілерді» талқылап, монополияға қарсы тергеулер үшін дәлелдерді жинау әдістерімен бөлісті.

Семинар монополияға қарсы құқық бұзушылықпен күресте бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растады. Болашақта Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары озық тәжірибе алмасып, осы бағытта екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы