Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы М. Омаровтың басшылығымен делегация Түрік бәсекелестік ведомствосының шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің монополияға қарсы органдарының бірінші басшыларының пленарлық отырысына қатысты. Іс-шара Ыстамбұл қаласында өтті, онда монополияға қарсы органдардың басшылары ұйымның қызметін және оның ұзақ мерзімді мақсаттарын талқылады.
Агенттік Төрағасы өз сөзінде Агенттіктің өткен жылғы жұмыс нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ монополияға қарсы реттеуді одан әрі дамыту үшін бірқатар стратегиялық міндеттерді белгіледі.
Тараптар Бәсекелестік жөніндегі кеңес ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің монополияға қарсы заңнама және құқық қолдану саласындағы бәсекелестік ведомстволары арасындағы өңірлік ынтымақтастыққа ықпал етеді деп үміттенді.
Ағымдағы жылы Қазақстанның ТМҰ-ға төрағалығын ескере отырып, Мемлекет басшысы біздің еліміз ТМҰ-ны одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Осыған байланысты Агенттік алдында бәсекелестік саласындағы ынтымақтастықты дамыту шеңберінде түркі интеграциясын одан әрі нығайту міндеті тұр.