Меню

Страницы

Статья

Экономикалық шоғырлану

  Монополиялық жағдайдың туындауын және (немесе) бәсекелестікті шектеуді болғызбау мақсатында Кәсіпкерлік Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына монополияға қарсы органның алдын ала келісімі не оның Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер (әрекеттер) туралы хабарламасы қажет.

      Экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген не жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатпен жүгiнедi немесе монополияға қарсы органды Кодексте көзделген тәртiппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабардар етедi.

      Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген нарық субъектілері Кодексте көзделген тәртіппен алдын ала келісім алу үшін монополияға қарсы органға өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

   Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданылып жүргiзiлетін жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурстық рәсiм басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.

Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылады:

      1) нарық субъектiсiн бiрiктіру немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;

  2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне, пайларына) иелік етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайлардың) елу пайызынан астамына иелік ету құқығына ие болады.

      Осы талап заңды тұлға құрылтайшыларына оның құрылуы кезінде қолданылмайды;

      3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасын құрайтын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;

      4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды иемденуі;

      5) сол бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы.

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат беретiн тұлғалар

      Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.

          Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларды), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық емес активтердi сатып алатын немесе тиiстi құқықтарды иемденетін тұлға монополияға қарсы органға бередi.

          Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттiк берілген тұлға көрсетiледi.

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау мерзімдері

      1. Монополияға қарсы орган өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхат берген тұлғаны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

      2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

      3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi монополияға қарсы орган немесе сот көрсетілген өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, бұл туралы монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

      4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.

Дата публикации
22 апреля 2020
Дата обновления
26 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІ КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАМА ЖОЛДАДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы