Агенттік 2009 жылдан бастап жыл сайын ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі өңірлік орталығымен (ЭЫДҰ БӨО) ұйымдастырылған семинарларға қатысады.
Бұл семинарлардың мақсаты монополияға қарсы ведомстволар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қатысушылар арасында практикалық тәжірибе алмасу болып табылады.
ЭЫДҰ БӨО семинарлары қатысушылар бәсекелестік қатынастарды дамыту үдерістерін салыстыра алатын және ортақ мәселелерді бірыңғай шешуге келе алатын пікірталас алаңы ретінде қызмет етеді, бұл сөзсіз пайдалы болып табылады және нәтижесінде Қазақстан Республикасында тиімді бәсекелестік саясатты жүргізу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Семинар тақырыптары бәсекелестік құқық қолданудың әртүрлі аспектілерін қамтиды.
2021 жылы COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты ЭЫДҰ БӨО семинарлары бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілді:
- «Нарықты зерттеу: бәсекелестікті адвокаттандыру мен құқық қолданудың негізгі факторы» (2021 жылғы 18-19 мамыр);
- «Нарықтың басым қатысушыларының теріс пайдалануын бағалау - цифрлық нарықтарға назар аудару» (2021 жылғы 21-22 қыркүйек);
- «Бәсекелестік саясат және зияткерлік меншік құқығы», Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметімен бірлесіп (2021 жылғы 15-16 қараша).
2022 жылдың басынан бастап ЭЫДҰ БӨО семинарлары гибридті форматта өткізілді:
- «Нарықтың анықтамасы: әдістеме, мәселелер және соңғы өзгерістер» (16-17 ақпан 2022 ж., онлайн);
- «Бәсекелестік заңнаманың қағидаттары мен рәсімдері» (16-19 мамыр аралығында Будапешт қаласында (Венгрия Республикасы);
- «Ех-ante бәсекелестік саласындағы реттеу және құқық қолдану мәселелері» (2022 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Загреб қаласында (Хорватия Республикасы).
ЭЫДҰ БӨО-мен ынтымақтастық шеңберінде Агенттік «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы бәсекелестік саясат» ЭЫДҰ БӨО-ның журналында жариялау үшін келесі мақалаларды дайындады:
«Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы Бәсекелестік саясат» журналында «Қазақстан Республикасының тәуелсіз монополияға қарсы органын құру. Цифрлық нарықтардағы үстем жағдайды теріс пайдалануға назар аудару» мақаласы (№16 Бюллетень, 2021 жылғы наурыз);
«Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы бәсекелестік саясат» журналындағы «Сауда-саттықтағы сөз байласуға қарсы күрестің жаңа кезеңдері (сатып алудағы автомобиль картелі)» мақаласы. Сауда-саттық келісімі және бәсекелестік саясат (бюллетень № 17, 2021 жылғы шілде).
«Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы Бәсекелестік саясат» журналында «Монополияға қарсы бақылауды жүзеге асыру кезінде «жұмсақ құқық» құралдарын қолдану» мақаласы (бюллетень №19, 2022 жылғы шілде).