Меню

Страницы

Статья

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО)шеңберіндегі өзара іс-қимыл

Агенттік «Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары» XVIII бөлімі және бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттама (№19 қосымша) негізінде Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) құқық қолдану практикасы және ЕАЭО елдеріндегі бәсекелестік заңнаманы үйлестіру мәселелері бойынша тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды.

Бәсекелестік заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдірудің неғұрлым өзекті мәселелерін талқылау, ақпарат алмасу және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру пробл емаларын талқылау мақсатында 2021 жылы Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесінің (Министрдің) және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының «5+1» форматында кеңестері өткізілді:

2021 жылы «5+1» форматында 4 кеңес өткізілді:

2021 жылғы 25 наурызда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы)

2021 жылғы 16 қыркүйекте Ереван қаласында (Армения Республикасы)

2021 жылғы 8 қазанда Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы)

2021 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы).

2022 жылы «5+1» форматында 2 кеңес өткізілді:

2022 жылғы 25 мамырда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы)

2022 жылғы 6 қыркүйекте Минск қаласында (Беларусь Республикасы).

Бұл «5+1» форматы монополияға қарсы реттеудің қолданыстағы құралдарының тиімділігін талқылауға, оны жақсарту жөніндегі әрі қарайғы шаралар кешенін және бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Апта сайын Агенттік қызметкерлері ЕЭК-пен және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салалық мемлекеттік органдарымен ЕАЭО-ның бәсекелестік заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар сараптамалық бірлескен кеңестерге қатысады.

 

Дата публикации
16 мая 2020
Дата обновления
15 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы