Келісу комиссиясының ескертулерімен және ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, лауазымды адам (лауазымды адамдар) келісу комиссиясының қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.
Келісу комиссиясының ережесін, регламентін және монополияға қарсы органның қызметкерлерінен басқа тергеп-тексеру объектісінің тарапынан қоса алғанда, тәуелсіз сарапшылар өкілдік етуге тиіс құрамын монополияға қарсы орган әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады.
Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды.
Келісу комиссиясы қорытындының жобасын қарау нәтижелері бойынша өз ескертулері мен ұсынымдарын шығарады, олар лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберіледі.
Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімінің өтуі тергеп-тексеру объектісінің өтініші немесе лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысы келіп түскен кезден бастап келісу комиссиясы ескертулер мен ұсынымдар шығарғанға дейін тоқтатыла тұрады.