Меню

Страницы

Статья

Тауар нарықтарын талдау

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында, оның ішінде мынадай:

1) экономикалық шоғырлануды реттеу;

2)бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін қарау кезінде нарық субъектісінің үстем үлесін айқындау;

3) мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын белгілеу жағдайларында жүргізіледі.

      2. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау монополияға қарсы орган бекітетін, тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдiстемеге және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша монополияға қарсы орган бекітетін, қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдiстемеге сәйкес жүргізіледі.

      Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу мерзімі

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу мерзімі он екі айдан аспайды.

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау кезеңдері:

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) тауарлардың өзара алмастырылу өлшемшарттарын айқындау;

      2) тауар нарығының шекараларын айқындау;

      3) тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау;

      4) тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау;

      5) тауар нарығының көлемі мен нарық субъектілерінің үлестерін есептеу;

      6) тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалау;

  7) бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, нарық субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын куәландыратын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде тауар нарығына кіру тосқауылдарын айқындау;

  8) тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілетін тұжырымдар.

Дата публикации
Дата обновления
04 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
31 октября 2025
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОСАЛОН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ
Ақпарат
31 октября 2025
СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ САТУ НАРЫҒЫНДА ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы