Қосымша
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!»
сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша
Жол картасын іске асыру
МОНИТОРИНГІ
|
№ |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты мемлекеттік орган |
Өлш бірл. |
2026 жылға жоспар |
Орындалу жағдайы. Ағымдағы жағдай |
|
115. |
Тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою, бірл. |
БҚДА (келісім бойынша) мүдделі орталық мемлекеттік органдар |
Бірл. |
Кемінде 10 |
Орындалуда Жойылған кедергілер: 1. «Отбасы банк» АҚ-ның тұрғын үй жинақ жүйесіндегі ипотека нарығындағы үстемдігіне байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі. 2021-2022 жылдар аралығындағы және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ипотекалық тұрғын үй несиелендіру нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жасалған талдау қорытындысы бойынша, тауар нарықтарының жұмыс істеу жағдайларындағы айырмашылықтарға байланысты тұрғын үй жинақ жүйесі аясындағы ипотека нарығы және мемлекеттік бағдарламалардан тыс ипотека нарығы бөлек көрсетілді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі ипотека нарығындағы негізгі нарық үлесін (80%) және мемлекеттік бағдарламалардан тыс (60%) «Отбасы Банкі» АҚ алады. Осы талдаудың нәтижелерін ескере отырып, Агенттік ҚР ҰБ, «Бәйтерек» ҰИХ, ҚНРДА, ҰЭМ, ӨҚМ бірлесіп, ипотекалық кредиттеу нарығындағы бәсекелестікті дамытудың Жол картасын әзірлеп, бекітті, онда халыққа жеңілдетілген ипотекалық несие беру үшін екінші деңгейдегі барлық банктердің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету іс-шарасы қарастырылған. Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Заңмен «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңға өзгерістер енгізілді, онда 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылды: «Осы Заңның мақсаттары үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банктері деп Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес алынған банк лицензиясы негізінде Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мәртебесі жоқ екінші деңгейдегі банктер де түсініледі». Осылайша, тұтынушылардың таңдау құқығын кеңейту (халықтың тұрғын үй құрылыс жинақтарын тарту) арқылы екінші деңгейдегі банктер арасында бәсекелестік қалыптасты, бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ӘКК арқылы тұрақтандыру шеңберінде жеміс-көкөніс өнімін өткізу нарығындағы бәсекелестікті шектеуге байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі. ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетігі бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) шоғырлану деңгейі төмен нарықта картоп пен пияз бағасын тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысқаны анықталды. Қоғам Сауда және интеграция министрлігі тұлғасында мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар заңды тұлға болып табылады. Сол арқылы Қоғам ӘКК-ге ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу бойынша нақты қызметті заңды негізсіз жүзеге асырған, өйткені қызметтің бұл түрі монополияға қарсы органмен келісілмеген, Үкіметтің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысында және Қоғам Жарғысында көзделмеген. Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабының 8-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 27 қаңтарда Агенттік жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар мен олардың салдарын жою туралы нұсқама шығарды. Нұсқама орындалды. 3. Қаржылық қызметтерді жеткізушілердің ауыспалылығының болмауына байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі. Жабық банктік экожүйелер бәсекелестікті шектейді және инновацияларды тежейді. Президент 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында банктер туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Ол қолданыстағы «Банктер және банк қызметі туралы» Заңның заманауи сын-қатерлерге, әсіресе финтех пен цифрландыру тұрғысынан сәйкес келмейтінін атап өтті. Заң «технологиялық өзгерістерді көрсетуі» және банк нарығындағы бәсекелестікті, соның ішінде жаңа қатысушылар мен финтех-компанияларды тарту арқылы ынталандыруы тиіс. Өз кезегінде, 2022 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасында Open API және Open Banking дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеп, бекітті. 2023 жылдың басынан бастап Open API және Open Banking тұжырымдамасын іске қосу жөніндегі бастаманы дайындау және іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Тұжырымдаманы енгізу және кеңінен қолдану мәселелері бойынша мүдделі тараптармен және нарық субъектілерімен тұрақты негізде кездесулер өткізілді. Open API және Open Banking технологиясының тұжырымдамасы мен пилоттық жобаны енгізу нәтижелері ҰБ, ҚНРДА және БҚДА ресми сайттарында жарияланды. «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңды қабылдау және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға өзгерістер енгізу шеңберінде Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды және оның компоненттерін (Ұлттық төлем жүйесі, Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы, Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі және т.б.) енгізу көзделген. Open API және Open Banking «жабық банктік экожүйелерден» неғұрлым ашық нарыққа көшуді қамтамасыз етеді, клиенттің бір банкке «байлануын» үзу арқылы қаржылық қызметтерді жеткізушіні ауыстыруды жеңілдетеді. Заңнамада тиісті нормаларды бекіту келесілерге бағытталған: 1) қаржы нарығына кіру кедергілерін төмендетуге – ашық интерфейстер финтех-компаниялар мен жаңа қатысушыларға банктердің деректері мен инфрақұрылымына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ірі банктерге тәуелділікті азайтады және бәсекелестікті кеңейтеді; 2) инновациялар үшін тең жағдайлар жасауға – Open API және Open Banking бизнеске жаңа өнімдерді (төлем сервистері, агрегаторлар, кредиттік платформалар) тезірек іске қосуға мүмкіндік береді, өйткені деректер мен банктік сервистерге қол жеткізу ашық әрі стандартталған болады; 3) қолжетімділікті реттеу арқылы бәсекелестік ортаны жақсартуға – Заңға тиісті нормаларды енгізу оларды нарықтың барлық қатысушылары үшін міндетті етеді. Бұл банктердің негізсіз бас тартуларын болдырмайды және өзара іс-қимылды болжамды етеді. Қазіргі уақытта бірыңғай QR енгізу Open API мен Open Banking элементтерін енгізудің ең айқын мысалдарының бірі болып табылады, өйткені ол нарықтың әртүрлі қатысушылары арасында төлем инфрақұрылымына стандартталған және ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.Бірыңғай QR бұл Open API енгізудің және Қазақстанның Open Banking біртіндеп көшуінің нақты мысалы. Жоюға жоспарланған кедергілер: 4. Субъектілерді өнімді тауар биржалары арқылы өткізуге міндеттейтін картоптың жеткізілім партиясының ең төменгі мөлшерін ұлғайту қажеттілігіне байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі. Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының ұсынысы шеңберінде Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы отырысының хаттамасына сәйкес, картоптың жеткізілім партиясының ең төменгі мөлшеріне қатысты мәселені талдады. Мәселені қарау барысында картоптың қолданыстағы 60 тонна көлеміндегі жеткізілім партиясының ең төменгі мөлшері ұзақ мерзімді перспективада биржалық саудаға сәйкес келетін ірі тауар партияларын тұрақты қалыптастыру үшін жеткілікті өндірістік, қоймалық және логистикалық қуаттары жоқ ұсақ өндірушілердің едәуір бөлігін өнімді тауар биржалары арқылы өткізуге міндеттейтіні анықталды. Осыған байланысты, мұндай субъектілердің биржалық сауда-саттыққа қатысуы эпизодтық сипатқа ие және тұрақты, болжамды ұсыныстың қалыптасуына ықпал етпейді, бұл биржалық тетіктің ұйымдасқан нарық құралы ретіндегі тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты, аталған мәселені қарау шеңберінде Кеңес мүшелері картоптың жеткізілім партиясының ең төменгі мөлшерін 500 тоннаға дейін және одан да көп ұлғайту туралы ұсынымдар берді. Бұл нарықтың ұсақ қатысушыларына түсетін негізсіз жүктемені алып тастауға мүмкіндік береді. Бұған дейін картоптың жеткізілім партиясының ең төменгі мөлшерін 60 тоннадан 1000 тоннаға дейін ұлғайту туралы бұл мәселені АШМ мен «Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағы» ЗТБ және ЖК көтерген. Осылайша, Сауда және интеграция министрлігінің биржа қызметі саласындағы Үйлестіру кеңесінің 2025 жылғы 12 қарашадағы отырысының қорытындысы бойынша келесідей шешім қабылданды: - Тауар биржаларында сауда-саттық жасалатын тауарлар тізбесіне картоптың жеткізілім партиясының ең төменгі мөлшерін 60 тоннадан 1000 тоннаға дейін ұлғайту және ЕАЭО СЭҚ ТН кодын өзектендіру бөлігінде өзгерістер енгізу (ҚР АШМ мен «Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағы» ЗТБ және ЖК негіздемесі бойынша); - картоп бойынша жеке секция әзірлеу және Биржалық сауда-саттық қағидаларына өзгерістер енгізу. Қазіргі уақытта СИМ жоғарыда аталған ұсыныстар қамтылған Қағидалар жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберді. Осылайша, жеткізілім партиясының ең төменгі мөлшерін ұлғайту шағын бизнеске түсетін артық жүктемені азайту құралы болып табылады және сонымен бірге экономикалық тұрғыдан тұрақты субъектілердің қатысуымен ұйымдасқан нарықты дамытуға бағытталған. Көзделген шаралар картоптың биржалық саудасын ашық ұйымдастыруға, әділ баға белгілеуді қалыптастыруға және сауданың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. 5. Уәкілетті орган (ветеринария) бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын жүргізу және жануарлардан алынатын биологиялық материалдардың аса қауіпті аурулар тізбесіне кірмейтін зертханалық зерттеулері бойынша қызметтерді бәсекелестік ортаға беру қажеттілігіне байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі. Үкіметтің 2026 жылғы 10 ақпандағы отырысының қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарының жобасын әзірлеуге бастамашылық жасады. Аталған құжатты дайындау мақсатында жұмыс тобы құрылды, оның құрамына БҚДА енгізілді. Қарастырылып жатқан мәселелер бойынша түпкілікті шешім халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде бейінді қауымдастықтардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, нарық субъектілерінің және уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымдарын ескере отырып қабылданатын болады. 6. Газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестікті шектеуге байланысты бәсекелестікті дамытуға кедергі. «Asia Steel Trade» ЖШС өтінішін қарау барысында Агенттік Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндеттерін атқарушысының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына аттестатталатын қызметтің жаңа түрі («газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу») енгізілгенін анықтады. Сол арқылы газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету аттестатталатын қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілді және қажетті құжаттарды алу үшін талаптар белгіленді. Бұл ретте аталған қызметке қойылатын жаңа талаптарды іс жүзінде орындау тек газ тарату желілеріне иелік етіп отырған ұйымдардың шектеулі тобы үшін ғана («QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ және оның өндірістік филиалдары) мүмкін болып отыр. Бұған дейін желілер мен газ тарату пункттеріне қызмет көрсету бойынша қызметтер ұсынып келген басқа да мамандандырылған ұйымдар нарықтан толығымен шығып қалуда. 7. Бөгде байланыс операторларының интернет қызметтерін көрсету кезінде көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне (бұдан әрі – КТК) кіруін қиындататын бәсекелестікті дамытудағы кедергі. БҚДА тұрғындар тарапынан КТК сымды интернет операторларын таңдау мүмкіндігінің жоқтығы бойынша бірнеше мәрте арыз-шағымдар келіп түсті. Тұтынушылар өз өтініштерінде монополист операторлардың тарифтері жоғары, интернет сапасы төмен екенін, бөгде операторлардың қызметін алу мүмкін еместігін, сервистің жоқтығын және т.б. хабарлайды. Жиі жағдайда еліміздің өңірлеріндегі жекелеген КТК бір ғана оператор қызмет көрсетеді, ал заңнамалық және өзге де шектеулерге байланысты бәсекелес субъектілердің кіруі қиындатылған. Қазіргі уақытта сапалы байланыс қызметтеріне қол жеткізу азаматтардың ажырамас қажеттілігі. Осыған байланысты үй интернеті қызметтерін көрсету үшін сымды байланыс желілерін көппәтерлі тұрғын үйлерде орналастыру мен оларды пайдаланудың ерекше маңызы бар. Өз кезегінде, КТК байланыс операторлары арасында бәсекелестіктің болмауы тұрғын үй иелерінің құқықтарын айтарлықтай шектейді, өйткені олар өз қажеттіліктері мен сұраныстарына (соның ішінде тарифтер, байланыс сапасы және сервис деңгейі бойынша) толық жауап беретін байланыс операторын өз бетінше таңдау мүмкіндігінен айырылған. Сонымен қатар, БҚДА байланыс операторларының КТК тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселесі заңнамалық деңгейде шешілген Ресей Федерациясының тәжірибесін зерделеді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, меншік иелерінің жалпы жиналысының шешімін қабылдау қажеттілігінсіз, кез келген меншік иесінің қалауы бойынша байланыс операторларының желілерін КТК өтеусіз орналастыру қарастырылған. Баяндалғанның негізінде, салалық заңнамалардың ұқсастығын ескере отырып, сымды интернет қызметтерін көрсету үшін байланыс операторларының инфрақұрылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, Ресей Федерациясының тәжірибесіне ұқсас бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар қабылдау мүмкіндігі қарастырылуда. 8. Зират Әкімшілігінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет форматында жерлеу үшін жер учаскесін бөлудің болмауына байланысты бәсекелестікті дамыту үшін кедергі. Агенттік Ұлттық экономика министрлігіне цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жәрдемімен жерлеудің және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына (ҰЭМ-нің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығы) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет форматында жерлеу үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі қызметті автоматтандыру (цифрландыру) бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды, мерзімі 15 минуттан аспайтын зират әкімшілігінің қатысуынсыз («жеке тұлғаға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметімен ұқсастығы бойынша). 9. Көше саудасын жүргізудің конкурстан тыс өтінім беру қағидатымен, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін алаңдар беруді регламенттеудің болмауына байланысты бәсекелестікті дамыту үшін кедергі. БҚДА Сауда және интеграция, қаржы министрліктеріне конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру және E-qazyna бір порталында (мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталы) қатысушыларды іріктеудің екі кезеңін өткізу арқылы стационарлық емес сауда үшін жер учаскесін алу тәртібін цифрландыруға қатысты ұсыныс жолдады. Жауапқа сәйкес, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ішкі сауда қағидаларына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін e-qazyna порталында стационарлық емес сауда үшін жер учаскесін алу тәртібін цифрландыруға дайын екендігін білдіреді (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген). 10. Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі жұмсаған инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялауға байланысты бәсекелестікті дамыту үшін кедергі. Агенттік инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізуге қатысты «КомТрансЛизинг» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) өтінішін қарады. Осылайша, «Қаржы лизингі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 10-бабына сәйкес дара кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қызметінің басталғаны туралы хабарлама жіберілгеннен кейін лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асырады. Алайда, ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 409 бұйрығымен Заңға сәйкес лицензиясыз лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың жағдайын нашарлататын Қағидалардың 4-тарауына өзгерістер енгізілді. Қағидалардың 4-тарауының 32-тармағына сәйкес, инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) техниканы, машиналарды, жабдықты кредитке/лизингке алуды жоспарлаған жағдайда, «банктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына аванстық төлеммен инвестициялық субсидияларды аудару жүзеге асырылады немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына, арнайы шотқа. Бұған дейін Серіктестік, сондай-ақ нарықтың басқа субъектілері жоғарыда аталған ережелерге сәйкес лицензиясыз лизинг қызметін көрсеткен болатын, бұл заң талаптарына жауап берді. Өзгертулерден кейін микроқаржы ұйымдарына, сондай-ақ лицензиясы бар қаржы институттарына артықшылық берілді. Бұл ретте, бұрын Қағидалардың 4-тарауында микроқаржы ұйымдарына баса назар аударылған жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауабына сәйкес, бұл талап Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін кешенді талдау қорытындылары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары шеңберінде белгіленгені жөн. Осылайша, ережелерге өзгерістер енгізу Заңның 10-бабына сәйкес лицензиясыз өз қызметін жүзеге асыратын лизингтік ұйымдар үшін кедергі болды, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектейді және бұзады. Енгізілген өзгерістер салдарынан лицензиясыз лизингтік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің Қағидалардың шарттары бойынша АӨК-дегі инвестициялық жобаға қатысу мүмкіндігі болмайды. |