|
«Бекітемін» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы М. Дәрібаев (қолтаңба бар) 2026 жылғы «3» сәуір
|
||||
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
||||
|
№ |
Ұсыным |
Құрылымдық бөлімше |
Орындау мерзімі |
Аяқтау нысаны |
|
1 |
Құжаттарды электрондық форматта өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін функционалды енгізе отырып, Агенттіктің «Антитраст» бағдарламалық қамтылымындағы «Экономикалық шоғырлану» модулін пысықтау.
|
ЦД, ЭШМКБД
|
2026-2027 жылдар |
«Антитраст» бағдарламалық қамтылымды жетілдіру |
|
2 |
Монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізу әдістемесін әзірлеп, бекіту қажет, онда оның ішінде хабарламалар және алдын ала ескертулер шығару (жіберу) тәртібін көздеу, оларды қолдану негіздерін, құжаттардың нысандарын айқындау, сондай-ақ олар болған кезде тиісті ден қою шаралары дайындалатын бәсекелестікті қорғау туралы заңнама саласына жататын бұзушылықтар белгілерінің тізбесін бекіту қажет. |
ТД, БҚРД
|
ҚР Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізілген күннен бастап 2 ай ішінде |
Монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізу әдістемесін (қағидаларын, тәртібін) бекіту туралы бұйрық |
|
3 |
Агенттіктің регламентінен хабарламалардың жобаларын орталық аппаратқа келісуге жіберу практикасын жою және аумақтық органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен дербес шешім қабылдауды ұсыну. |
ТД |
2026 жылғы мамыр |
Бұйрық |
|
4 |
Оның ішінде тергеп-тексеру материалдарын сақтау көзделген монополияға қарсы тергеп-тексерудің құрылымдық бөлімшелері пайдалануы үшін ақпараттық жүйені толық функционалдық әзірлік жағдайына келтіруді қамтамасыз ету. |
ЦД, ТД |
2026 жыл |
Ақпараттық жүйенің пилоттық режимнен өндірістік (жұмысқа) пайдалануға көшуін жүзеге асыру
|