Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының
5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Адами ресурстармен жұмыс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалау әдістемесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, оның ішінде ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелердің (бұдан әрі – Агенттік) «Б» корпусы мемлекеттік                       әкімшілік   қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы               23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Агенттіктің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік              қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
  2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) жоғары тұрған басшы – «Б» корпусының бағаланатын қызметшісінің тікелей басшысы тікелей бағынатын тұлға;

3) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағаланатын        кезеңге арналған НТИ-ін көздейтін, тікелей басшымен бірлесіп жасалатын және жоғары тұрған басшы бекітетін құжат;

3) құзыреттер – «Б» корпусы қызметшісінің нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқаруы үшін қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың жиынтығы;

4) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық сипаттамалары мен құзыретінің деңгейі;

5) нысаналы түйінді индикаторлар (бұдан әрі – НТИ) – Агенттіктің    стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына/ «А» корпусы қызметшісінің келісіміне сәйкес не «Б» корпусы қызметшісі            қызметінің ерекшелігі негізге алына отырып (процестік жұмысты қоспағанда)               белгіленетін, қол жеткізілуі «Б» корпусы қызметшілері қызметінің тиімділігін                 айғақтайтын көрсеткіштер;

6) тікелей басшы – «Б» корпусының бағаланатын қызметшісі тікелей    бағынатын тұлға.

  1. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін жүргізіледі.
  2. Егер «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу мерзімі, оның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан кейін немесе оқуды аяқтағаннан кейін үш айдан аз болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде бағалау жүргізілмейді.

Бағалау жүргізу кезеңінде еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын   демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе           тағылымдамада болған не қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген «Б» корпусыны4 қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде    бағалаудан өтеді.

  1. Бағалау жүргізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам (бұдан әрі - уәкілетті адам) персоналды басқару қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

Комиссия құрамын уәкілетті адам айқындайды. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.

  1. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

1) «Б» корпусы қызметшілерінің НТИ-ге қол жеткізулерін бағалау;

2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыретін бағалау.

  1. НТИ-дің орындалуын бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісіне бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымнан төмендету не босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Құзыретті бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыретін дамыту жөнінде шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте құзыретті бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшілеріне бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымнан төмендетуге не босатуға әсер етпейді.

  1. «Б» корпусы қызметшілерін бағалауға байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде сақталады.

 

 

2-тарау. Нысаналы түйінді индикаторларды айқындау тәртібі

 

  1. Бағаланатын кезең басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарында НТИ-ді айқындайды.
  2. Тиісті НТИ бар қалыптастырылған жеке жұмыс жоспары бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
  3. Егер «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда, жеке жұмыс жоспарын аталған лауазымды адам бекітеді.
  4. Жоғары тұрған басшы НТИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жеке жұмыс жоспарын пысықтауға қайтарады.

Жеке жоспарды жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу           пысықтауға жолданғаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

  1. НТИ:
  • нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып, қол жеткізілуге тиіс нәтиже дәл айқындалады);
  • өлшемді (НТИ-ге қол жеткізуді өлшеу үшін нақты өлшемшарттар айқындалады);
  • қолжетімді (НТИ қолда бар ресурстар, өкілеттіктер мен шектеулер ескеріле отырып айқындалады); 
  • уақытпен шектелген (НТИ-ге қол жеткізу мерзімі бағаланатын кезең ішінде айқындалады);
  • Агенттіктің стратегиялық мақсаттарын, саяси қызметшінің меморандумын немесе «А» корпусы қызметшісінің келісімін іске асыруға     бағдарланған болып табылады.
  1. НТИ саны 5-ті құрайды.
  2. Жеке жоспар персоналды басқару қызметінде сақталады.

 

 

3-тарау. Нысаналы түйінді индикаторларға қол жеткізуді бағалау тәртібі

 

  1. Жеке жұмыс жоспарында көзделген НТИ-ге қол жеткізуді бақылауды жүзеге асыру мақсатында тікелей басшы белгіленген НТИ-ге қол жеткізуге тоқсан сайын мониторингті жүзеге асырады.

Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы      бағаланатын «Б» корпусының қызметшісіне НТИ-ге қол жеткізу және ол үшін қажетті одан арғы шаралар бойынша жазбаша ұсынымдар береді.

  1. Бағалау жүргізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда НТИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
  2. Жеке жұмыс жоспарының іске асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары жасалатын жыл қорытындылары бойынша НТИ-ге қол жеткізуді бағалау негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

барлық НТИ-ге қол жеткізілген кезде «өте жақсы» деген баға қойылады.

5 НТИ-дің 4-іне қол жеткізілген кезде «тиімді» деген баға қойылады.

5 НТИ-дің 3-іне қол жеткізілген кезде «қанағаттанарлық» деген баға    қойылады.

5 НТИ-дің 3-тен азына қол жеткізілген кезде «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

НТИ-ге қол жеткізу жеке жоспарда көзделген көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

  1. Тікелей басшы бағалау парағын толтырғаннан кейін ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
  2. Егер «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда, бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
  3. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған басшы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) бағалаумен келісу;

2) пысықтауға жіберу.

  1. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағы НТИ-ге қол жеткізуді растайтын фактілер жеткілікті болмаған немесе анық емес болған жағдайда, пысықтауға жолданады.
  2. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу ол пысықтауға жіберілген күннен бастап
    2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
  3. Жоғары тұрған басшы «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қойғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

 

 

4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

 

  1. «Б» корпусы қызметшісінің құзыреттерін бағалауды тікелей басшы жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
  2. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын толтырған кезде әр құзырет бойынша осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарының санаттары үшін көзделген мінез-құлық               индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша          мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.
  3. «Б» корпусы қызметшісі құзыретінің даму деңгейі бағаланатын кезең ішінде «Б» корпусы қызметшісінің қызметінен байқалған мінез-құлық индикаторларының санымен мынадай тәртіпте айқындалады:

1) «Б» корпусы қызметшісінің қызметінде белгілі бір құзыретпен            көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-і немесе одан көбі байқалған жағдайда, «күтілетін нәтижелерге сәйкес келеді» деген баға қойылады.

2) «Б» корпусы қызметшісінің қызметі нақты құзыретпен көзделген       мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмеген жағдайда,             аталған нақты құзырет бойынша «күтілетін нәтижелерге сәйкес келмейді»      деген баға қойылады.

  1. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қойғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

 

 

5-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы және бағалау нәтижелеріне шағымдану

 

  1. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісу бойынша «Б» корпусы қызметшілеріне бағалау жүргізу кестесін қалыптастырады және бағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың жеті жұмыс күні бұрын бағалау жүргізілетіні жөнінде хабардар етілуін қамтамасыз етеді.
  2. Комиссияның отырысы, оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды болып есептеледі.
  3. Комиссияның төрағасы немесе мүшесі болмаған жағдайда, оны алмастыру Комиссия құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті адамның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
  4. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
  5. 33. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  6. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
  7. Персоналды басқару қызметі Комиссия отырысының Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз етеді.
  8. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

1) «Б» корпусы қызметшілерінің толтырылған бағалау парақтарын;

2) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.

  1. Комиссия «Б» корпусы қызметшілерін бағалау нәтижелерін қарайды және мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) бағалау нәтижелерін бекіту;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

  1. «Б» корпусы қызметшілерінің бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда, Комиссия бағалауды түзетіп, оны хаттаманың «Комиссияның бағалау нәтижелерін (бар болған жағдайда) түзетуі» деген бағанында көрсетеді.
  2. «Б» корпусының қызметшілерін бағалау нәтижелерін уәкілетті адам бекітеді және олар осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.
  3. Персоналды басқару қызметі бағалау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін оның нәтижелерімен           таныстырады.
  4.  «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүргізіледі. «Б» корпусының қызметшісі танысудан бас тартқан жағдайда, еркін нысанда акт жасалып, оған персоналды басқару      қызметі және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды.
  5. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдардың  интранет-порталы арқылы «Б» корпусы қызметшісіне жолдайды.
  6. «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде Комиссияның шешіміне шағымдануы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні       ішінде жүзеге асырылады. Шағымды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жойып, «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижелерін қайта қарау бойынша ұсыныс береді;

2) «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижелерін қайта қараусыз         қалдыру.

  1. «Б» корпусының қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша

 

Нысан

«БЕКІТЕМІН»

Жоғары тұрған басшы

___________________________________
 (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

күні __________________________
қолы _________________________

 

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

 

__________________________________ жыл

(жеке жоспар жасалатын жыл)

     

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_______________________________

Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________

Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________

 _____________________________________________________________________________

р/с

№

 

НТИ атауы

Саяси қызметші меморандумының,

 «А» корпусы қызметшісі келісімінің   қандай көрсеткішінен не мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан туындайды

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Қол жеткізу мерзімдері

Түпкілікті нәтиже*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* нысаналы түйінді индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгеріс

 

Қызметші
___________________________
    (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
    (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________ 

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша

 

Нысан

«БЕКІТЕМІН»

Жоғары тұрған басшы

___________________________________
 (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

күні __________________________
қолы _________________________

 

 

Нысаналы түйінді индикаторлар бойынша бағалау парағы

 

   _________________________________________________________________

   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),бағаланатын тұлғаның лауазымы)

 

____________________________________ жыл

(бағаланатын жыл)

 

 

 

р/с

№

 

Нысаналы түйінді индикаторлардың атауы

Өлшем

бірлігі

Жоспарлы мәні

Нақты мәні

Көрсеткішке

қол жеткізілді/

көрсеткішке қол жеткізілмеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау нәтижесі __________________________________________________

                                  (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)

 

Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________ 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша

 

Нысан

 

Құзыреттер бойынша бағалау парағы

 

_________________жыл

   (бағаланатын жыл)

 

Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________

 

р/с №

Құзыреттің атауы

Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижелерге сәйкес келеді/күтілетін нәтижелерге сәйкес келмейді)

Қызметшіде байқалмаған мінез-құлық индикаторларының атауы («күтілетін нәтижелерге сәйкес келмейді» деген баға алған жағдайда)

1

Қызметті басқару

 

 

2

Ынтымақтастық

 

 

3

Шешім қабылдау

 

 

4

Жеделділік

 

 

5

Өзін-өзін  дамыту

 

 

6

Көрсетілетін қызметті  тұтынушыға бағдарлану *

 

 

7

Көрсетілетін қызметті  тұтынушыны хабардар ету *

 

 

8

Адалдық

 

 

9

Жауапкершілік

 

 

10

Бастамашылдық

 

 

11

Стресске орнықтылық

 

 

*Лауазымдық  міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын
«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлану»  және  «Көрсетілетін қызметті тұтынушыларды хабардар ету» құзыреттері бойынша бағаланбайды.

 

Қызметші
___________________________
                    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
                    (тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша

 

 

 

Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

 

Құзыреттер атауы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикаторлары

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ

B-1;
С-0-1.

● Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді;
● Бөлімшенің берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды;
● Бөлімше жұмысын басымдылығына қарай тиімді ұйымдастырады;

● Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды;
● Берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттамайды және жағдай жасамайды
● Бөлімше жұмысын басымдылығына мән бермей тиімсіз ұйымдастырады;

B-2;
B-3;
C-0-2;
С-0-4.

● Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;
● Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;
● Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;
● Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді;

● Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;
● Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;
● Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді;
● Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді;

B-4 ;*
B-5;
B-6;
С-0-4; *
С-0-5.

● Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;
● Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.;
● Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;
● Белгіленген мерзімдерді сақтайды.

● Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
● Сапасыз құжаттар әзірлейді;
● Жедел жұмыс жасамайды;
● Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

B-1;
С-0-1.

● Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ;
● Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады;
● Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асырады және ортақ нәтижеге қол жеткізеді.

● Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ;
● Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін кейбір қызметкерлердің әлеуетін пайдаланады;
● Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асыра алмайды және ортақ нәтижеге қол жеткізбейді.

B-2;
B-3;

C-0-2;
С-0-4.

● Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;
● Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;
● Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;
● Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.

● Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;
● Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;
● Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;
● Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.

B-4 ;*
B-5;
B-6;
С-0-4; *
С-0-5.

● Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;
● Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;
● Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.

● Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;
● Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;
● Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

B-1;
С-0-1.

● Міндеттерді дұрыс бөле алады;
● Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер туралы хабарлайды;
● Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасайды;
● Тиімді және жүйелі шешім қабылдайды;
● Жеке тәжірибесіне, басқа да маңызды болып табылатын мәліметтерге негізделген шешім қабылдайды

● Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды;
● Орын алуы мүмкін қауіптер туралы хабарламайды;
● Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасамайды;
● Тиімсіз және жүйесіз шешім қабылдайды;
● Шешім қабылдау барысында тек өзінің жеке тәжірибесіне және көзқарасына сенеді.

B-2;

B-3;

С-0-2;
С-0-4.

● Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;
● Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;
● Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;
● Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;
● Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.

● Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;
● Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;
● Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;
● Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;
● Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.

B-4; ;*
B-5;
B-6;
С-0-4; *
С-0-5.

● Қажетті мәліметтерді таба алады;
● Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;
● Өзінің пікірін негіздей алады.

● Қажетті мәліметтерді таба алмайды;
● Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;
● Негізсіз пікір білдіреді.

ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ

B-1;
С-0-1.

● Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады;
● Қызмет көрсетудің тиімді әдістерін біледі;
● Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етеді;
● Қызмет тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізеді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырады.

● Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады;
● Қызмет көрсетудің әдістері туралы шала-шарпы біледі; Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етпейді;
● Көрсетілетін қызмет бойынша тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізбейді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырмайды.

B-2;

B-3;

С-0-2;
С-0-4.

● Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді;
● Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасайды;
● Қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.

● Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді;
● Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасамайды;
● Сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді.

B-4; ;*
B-5;
B-6;
С-0-4; *
С-0-5.

● Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;
● Қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдірудің жөнінде ұсыныстар енгізеді;
● Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.

● Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді;
● Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді;
● Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.

ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ

B-1;
С-0-1.

● Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді;
● Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімді тәсілін құрастырады.

● Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді;
● Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімсіз тәсілін құрастырады.

B-2;
B-3;

С-0-2;
С-0-4.

● Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды;
● Тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді;
● Қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді.

● Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді;
● Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді;
● Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.

B-4; ;*
B-5;
B-6;
С-0-4; *
С-0-5.

● Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады;
● Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді;
● Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады.

● Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады;
● Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
● Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.

ЖЕДЕЛДІЛІК

B-1;
С-0-1.

● Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді;
● Өзгерістерді уақтылы елеу үшін тиімді шаралар қабылдайды;
● Бөлімшені тиімді басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді;
● Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдайды және басшылыққа енгізеді.

● Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді;
● Өзгерістерді уақтылы елеу үшін шаралар қабылдамайды немесе тиімсіз шаралар қабылдайды;
● Бөлімшені тиімсіз басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізбейді;
● Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдамайды және басшылыққа енгізбейді.

B-2;
B-3;

С-0-2;
С-0-4.

● Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;
● Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
● Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.

● Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;
● Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;
● Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.

B-4 ;*
B-5;
B-6;; *
С-0-5;

● Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
● Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
● Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;
● Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.

● Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;
● Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;
● Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;
● Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.

ӨЗДІГІНЕН ДАМУ

B-1;
С-0-1.

● Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді.
● Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдайды;
● Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліседі, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтайды;
● Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетеді;

● Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды;
● Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдамайды немесе жүйесіз шараларды қабылдайды;
● Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліспейді, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтамайды;
● Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетуге көңіл бөлмейді.

B-2;
B-3;
С-0-2;
С-0-4.

● Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;
● Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;
● Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.

● Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;
● Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды;
● Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды.

B-4; ;*
B-5;
B-6;
С-0-5.

● Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;
● Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;
● Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.

● Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;
● Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;
● Өзінде бар дағдылармен шектеледі.

АДАЛДЫҚ

B-1;
С-0-1.

● Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
● Ұжымда мемлекеттік қызметтің әдептілік нормалары мен стандарттарына берілгендік деңгейін дамытады;
● Басқалардың жетістіктерін мойындайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынады;
● Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескереді және анықтайды;
● Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.
● Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктіреді;

● Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді;
● Мемлекеттік қызмет жолын ұстаушылық әркімнің жеке ісі деп есептейді;
● Басқалардың жетістіктерін мойындамайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол береді;
● Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескермейді;
● Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет танытпайды;
● Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктірмейді;

B-2;
B-3;
С-0-2;
С-0-4.

● Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;
● Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;
● Жұмыста табандылық танытады;
● Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;
● Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;
● Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.

● Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;
● Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;
● Жұмыста табандылық танытпайды;
● Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;
● Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді;

B-4 ;*
B-5;
B-6;
С-0-5.

● Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;
● Өзінің жұмысын адал орындайды;
● Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.

● Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;
● Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;
● Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады;

СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ

B-1;
С-0-1.

● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

B-2;
B-3;
С-0-2;
С-0-4.

● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

B-4 ;*
B-5;
B-6;
С-0-5;

● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

ЖАУАПКЕРШІЛІК

B-1;

С-0-1.

● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.

● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

B-2;
B-3;
С-0-2;
С-0-4.

● Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.

● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

B-4 ;*
B-5;
B-6;
С-0-5.

● Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.

● Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.

БАСТАМАШЫЛДЫҚ

B-1;
С-0-1.

● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады.

● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды.

B-2;
B-3;
С-0-2;
С-0-4.

● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.

● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.

B-4 ;*
B-5;
B-6;
С-0-5.

● Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.

● Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалау әдістемесіне
5-қосымша

 

Нысан

«БЕКІТЕМІН»

Жоғары тұрған басшы

___________________________________
 (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

күні __________________________
қолы _________________________

 

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ____________________________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

                                                     ________________________ жыл

(бағаланатын жыл)

 

Бағалау нәтижелері

р/с №

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

Комиссияның бағалау нәтижелерін (бар болған жағдайда) түзетуі

Комиссияның ұсынымдары

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

...

 

 

 

 

      Комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді:

      Комиссия хатшысы _____________________________________      Күні _____________

                                          (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)

 

      Комиссия төрағасы _____________________________________      Күні _____________

                                          (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)

 

      Комиссия мүшелері _____________________________________      Күні _____________

                                            (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Дата публикации
04 декабря 2020