Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара Агенттік қызметкерлерінің отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыруға және мұндай көріністерге нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Спикер ретінде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Мейрамгүл Әсілбекова сөз сөйледі.
Өз сөзінде спикер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына әсер ететін негізгі себептер мен факторларға тоқталып, оның алдын алу шараларын, сондай-ақ мұндай құқықбұзушылықтардың профилактикасындағы мемлекеттік органдардың рөлін түсіндірді.
Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде анықтау, зардап шеккендерге қолдау көрсету, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтық сауаттылығының маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қатысушыларына қауіпсіз отбасылық ортаны қалыптастыру және өзара құрмет пен жауапкершілікке негізделген қоғамдық құндылықтарды нығайту жөнінде ұсынымдар ұсынылды.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті сұрақтарды талқылады. Осындай семинарларды өткізу құқықтық мәдениетті арттыруға және аталған саладағы профилактикалық жұмысты күшейтуге ықпал етеді.
