Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізудің Алматы қаласы бойынша 2026 жылға арналған жоспар-кестесін бекіту туралы №10-НҚ бұйрық

 

Жоспар-кестені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Департамент) туралы Ереженің  19-тармағының 1) және 3) тармақшаларына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 296/НҚ бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу регламентеріне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізудің 2026 жылға арналған жоспар-кестесі бекітілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Е. Ө. Абдубакиевке жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Басшы                                                                           Н. Нұрланұлы

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті

қорғау және дамыту агенттігінің Алматы

қаласы бойынша департаменті басшысының

2026 жылғы « 1» сәуірдегі № 10-НҚ

Бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізудің 2026 жылға арналған жоспар-кестесі

№ п/п

Монитоинг объектісінің атауы

Мониторинг жүргізу кезеңі

Негіздеме

1

«Almaty Finance» (Алматы финанс) ЖШС

 

сәуір, мамыр, маусым, 

Бәсекелестікке қарсы әрекеттер жасаудың жоғары тәуекелдері

2

«Алматы туризм бюросы (Almaty Tourism Bureau)»

ЖШС

шілде, тамыз,  қыркүйек

Бәсекелестікке қарсы әрекеттер жасаудың жоғары тәуекелдері

 

Жоспар-кестені бекіту туралы
Дата публикации
03 апреля 2026