«Лудомания мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сенімділігіне қауіп төндіретін фактор ретінде»

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде «Лудомания мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сенімділігіне қауіп төндіретін фактор ретінде» тақырыбында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының «Арнайы құқықтық пәндер» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Динара Талғатовна Амуртаеваның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, педагогика және психология магистрі Әсел Серікқазиқызы Қарымсақованың қатысуымен семинар өтті.

Іс-шара барысында ойынға тәуелділіктің (лудомания) таралуы және оның қызметке әсерімен байланысты өзекті мәселелер қаралды.

Мұның  жұмыс тиімділігінің төмендеуін, өзін-өзі бақылауды жоғалтуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық жасау ықтималдылығын қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сенімділігіне қауіп төндіретініне ерекше назар аударылды.

Семинар шеңберінде қатысушыларға заңсыз ойын қызметімен байланысты құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін қолданыстағы заңнаманың нормалары таныстырылды.

Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері сөз болды.

Прокуратура органдарының өкілдері практикадан мысал келтірді, практикалық кейстермен, мұндай тәуекелдерді анықтау және жолын кесу бойынша ұсынымдармен бөлісті және әрбір мемлекеттік қызметшінің орнықты әдеп бағдарлары мен жеке жауапкершілігін қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Осындай іс-шараларды өткізу қызметтік тәртіпті нығайтуға, кәсіби әдепті арттыруға және құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2026