ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қоғамдық кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңесші, байқаушы органы.

Кеңес қызметінің мақсаты тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру алаңы.

Кеңестің алғашқы отырысында дауыс беру қорытындысы бойынша Кеңес Төрағасы болып Бикебаев Айдын Жолшиевич сайланды (Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офистің мүшесі, Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің төрағасы).

Кеңес құрамына сондай-ақ мыналар кіреді:

Азаматтық қоғам өкілдері:

  1. Абсалямов Искандер Галияскерович – «Алтынаудит» ЖШС директоры;
  2. Айтжанов Алдаш Турдыкулович – «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ президенті;
  3. Бегдесенов Амир Бисенгулович – Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты;
  4. Дурманова Марина Ивановна – Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы ЗТБ президенті;
  5. Жалкеев Азат Қанатұлы – «MMS Group» ЖШС директоры;
  6. Жандосов Ораз Әлиұлы – «Ракурс Консалтинг Груп» ЖШС бас серіктесі;
  7. Исмаилов Досжан Сапарғалиұлы – Қазақстан жүк тасымалдаушы теміржол операторлары қауымдастығының (ӨӨҰ) бәсекелестікті дамыту жөніндегі басқарушы директоры;
  8. Құсайынов Ақылбек Асқарбекұлы – «Zun Hub» заңгерлік фирмасының басқарушы серіктесі;
  9. Микрюков Виктор Николаевич – Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті;
  10. Одилов Тимур Абдурашидұлы – «Холлер Ломакс» ЖШС серіктесі;
  11. Радостовец Николай Владимирович – Тау-кен өндіруші және металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры.

Агенттік өкілдері:

  1. Омаров Марат Талғатұлы – Агенттік Төрағасы;
  2. Ахметов Рустам Нұрланұлы – Төрағаның бірінші орынбасары;
  3. Искаков Арсен Бейсембайұлы – Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментінің директоры.

Кеңестің барлық мүшелері отырыстарда мәселелерді қарау және талқылау кезінде белсенді азаматтық ұстанымын білдіретінін атап өтеміз.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелері Агенттік алқасының тұрақты қатысушылары, соның ішінде спикер ретінде әрекет етеді.

Кеңес отырыстары жыл басында Кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Бұдан басқа, қажеттілік бойынша Кеңестің қарауына жоспардан тыс қосымша мәселелер шығарылды.

2025 жылы Кеңестің 7 отырысы өтті, онда 22 мәселе қарасытырылып, 17 ұсыныс әзірленді.

Атап айтқанда, мынадай ұсыныстар берілді:

- мемлекет реттеуші функцияларды беретін өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты жосықсыз бәсекелестіктің пайда болу тәуекелдері тұрғысынан;

- еуропалық тәжірибені зерделеуді ескере отырып, нарық субъектілерінің монополияға қарсы комплаенстерді қабылдауы үшін ынталандыру шараларын, сондай-ақ  монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілерінің жобаларын келісу бойынша ұсынымдарды дайындау туралы;

- операторларды құрудың алдын алу, сондай-ақ бәсекелестікті шектейтін операторларды құрудың заңнамалық процесін толық бақылау жөніндегі тетікті әзірлеу туралы.

Кеңестің өткен жылғы қызметі сындарлы және нәтижелі болды.

 

Дата публикации
17 марта 2026