Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу бойынша ГАЙДЛАЙН

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу бойынша ГАЙДЛАЙН

 

Осы гайдлайнды (жолсілтемені) әзірлеу үшін оның ішінде Агенттіктің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында (29.03.2023г. № 74/НҚ бұйрықпен, 11-тармақпен бекітілген) және 2023 жылға арналған Операциялық жоспарда (07.04.2023ж. № 85/НҚ бұйрықпен, 24-тармақпен бекітілген) белгіленген іс-шаралар негіз болды.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 167-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекспен шектелген монополистік қызметке мыналар жатады:

  • нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері;
  • нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;
  • үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар Кодекстің 169, 170,                          174-баптарына сәйкес саралануға жатады.

Кодекстің 169-бабына сәйкес егер мұндай келісімдер 5 салдарға әкеп соқтырса немесе әкелуі мүмкін болса, картель деп танылады және нарық субъектілері арасындағы деңгейлес келісімдерге тыйым салынады. Сатылас келісімдер бойынша 3-ке, өзге келісімдер бойынша 5-ке.

Келісілген әрекеттердегі құқық бұзушылықтардың құрамы Кодекстің 170-бабының 1-тармағында регламенттелген және 4 салдарға әкеп соғады.

 

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жөніндегі әрекеттерге (әрекетсіздікке) 12 салдар (1 жалпы және 11 арнайы) жатқызылды.

Осылайша, қамтылуға жататын бұзушылықтар саны - 29.

 

Бұзушылықтарды жылдар бойынша % және сандық өлшеуде гайдлайндармен қамту

(дөңгелектеуге жататын)

2023

5%

2 (6,9)

2024

10%

3 (10,3)

2025

15%

5 (17,2)

2026

20%

6 (20,7)

2027

25%

8 (27,6)

 

Жалпы, Кодекстің 218-бабының 2-тармағына сәйкес монополияға қарсы орган барлық жағдайларда көзделген белгілер болған кезде:

1) КК-нің 169-бабының 3-тармағында, 170-бабының 1-тармағында тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем үлесін айқындау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді;

2) КК-нің 174-бабында тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.

Бұл ретте осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстемдігі кезеңінде қолданылады.

  1. Монополиялық жоғары бағаны белгілеуге, ұстап тұруға байланысты үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану (Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасы).

Монополиялық жоғары бағаны анықтау мақсатында монополияға қарсы орган Әдістемені[1] қабылдады.

Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, оның ішінде тауардың бұрын белгіленген бағасын арттыру арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады: 

 

 

Кодекстің 218-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес нарық субъектісінің жағдайын анықтау мақсатында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіледі.

Әдістеменің 6-тармағына сәйкес бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін деректерді анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының және көлемдерінің серпініне, оның ішінде:

1) субъектінің салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің сондай тауар бағасынан асатын етіп белгілеуі;

2) тиісті немесе салыстырмалы нарығында баға өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда тауар бағасының өсу қарқынының арту;

3) физикалық сипатын (мысалы, тауар бірлігінің салмағын) төмендету арқылы тауар бағасының көтерілу;

4) өндіру немесе беру мүмкіндігі болған кезде тұтынушылардың сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру және (немесе) беру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді және (немесе) беруді тоқтату мәніне талдау жүргізеді.

Монополиялық жоғары бағаны белгілеу тәртібі Кодекстің 175-бабында және Әдістемеде регламенттелген.

Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығыстары мен пайдасына талдау жүргізіледі және тауардың негізделген бағасы айқындалады.

 

Тауар нарығы-бұл басқа тауармен алмастыруға болмайтын тауардың немесе тиісті шекаралардағы өзара алмастырылатын тауарлардың айналым саласы, экономикалық, техникалық немесе басқа мүмкіндікке немесе орындылыққа сүйене отырып, сатып алушы тауарды сатып ала алады және одан тыс мұндай мүмкіндік не орындылық жоқ

 

 

 

 

 

Егер осы тауар нарығындағы бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстыру салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі тауардың бағасымен жүргізіледі.

Салыстырмалы тауар нарығы деп сатылатын тауардың көлемі, тауарды сатып алу немесе сату мақсаттарына және тауар нарығына қол жеткізу шарттарына қарай айқындалатын тауарды сатып алушылардың немесе сатушылардың (жеткізушілердің) құрамы бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы түсініледі.

 

 

 

 

 

Егер салыстырмалы тауар нарығында немесе салыстырмалы тауар нарығында, оның ішінде ҚР шегінен тыс бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны айқындау мүмкін болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығыстары мен пайдасына талдау жүргізіледі және тауардың негізделген бағасы айқындалады.

Осыған байланысты, тергеп-тексеру жүргізу барысында жиынтығында жоғарыда көрсетілген шарттарды белгілеу қажет. Шарттардың кем дегенде біреуі болмаған жағдайда монополиялық жоғары баға фактісін анықтау мүмкін емес.

Бұл ретте, Әдістеме монополиялық жоғары деп танылуы мүмкін бағаға жалпы шарттарды белгілейтінін және әрбір нарықтың өзіндік ерекшелігі бар екенін ескеру маңызды, оның нарық субъектісі белгілейтін бағаға әсерін бағалауды тергеп-тексеруді жүргізетін лауазымды адамдар береді.

Шешім қабылдау үшін МЖБ-ны анықтау кезінде мыналар жүргізіледі:

  • Қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
  • Тауардың өндірістік және толық өзіндік құнының серпіні, баға серпіні, оның ішінде өндірістік және толық өзіндік құнның өсу (төмендеу) қарқынын бағаның өсу (төмендеу) қарқынымен салыстыру;
  • өндірістік қуаттарды ескере отырып, тауарды өндіру (өткізу) көлемінің серпіні;
  • нәтижесінде тауардың бағасы тікелей не жанама қалыптастырылатын шарттар;
    • әртүрлі баға түрлерінің серпіні (мысалы, сатып алушылардың түрлі топтары үшін орташа өлшенген);
  • кезең шығыстары мен өндірістік өзіндік құн, оның ішінде әкімшілік персоналдың жалақысының өсу (төмендеу) қарқынын өндірістік персоналдың жалақысының өсу (төмендеу) қарқынымен салыстыру;
  • субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауардан субъект алған пайда;
  • субъектінің инвестициялық бағдарламасы;
  • кредиторлар мен қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелер.

Монополиялық жоғары бағаны айқындау кезінде тауарды өндіруге және өткізуге байланысты қажетті шығыстар мен пайда айқындалады.

Егер нарық субъектісі тауарлардың бірнеше түрін өндірсе, онда қажетті шығындар мен пайда бөлек есепке сәйкес анықталады. Бөлек есепке алу болмаған кезде тауарды өндіруге және өткізуге тікелей қатысы жоқ шығындар тауардың әрбір түрі бойынша кіріске барабар бөлінеді.

Қажетті пайда деңгейі тауарды өндіруден (сатудан) түскен табыс пен тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті негізделген шығыстар мен нақты төленген салықтар арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Қажет болған жағдайда, қосымша негіздеме үшін бағаның, өзіндік құнның (шығындардың жекелеген баптарының) өсу қарқыны және тауардың рентабельділік деңгейі нарықтың басқа субъектілерімен салыстырылады.  Егер тауар бағасының, өзіндік құнының, пайдасының және рентабельділігінің өсу қарқыны нарықтың басқа субъектілерінде осы көрсеткіштердің өсу қарқынынан едәуір асып кеткен жағдайда, бұл монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану мүмкіндігін одан әрі растайды.

 

  1. Келісімнің нысанасына жатпайтын шарттың қосымша міндеттемелерін және технологиялық негізсіз талаптарын жүктеуге байланысты үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану (Кодекстің 174-бабының 4) және 9) тармақшалары).

Монополиялық жоғары бағаны белгілеуден айырмашылығы, қосымша міндеттемелер мен шарттың технологиялық тұрғыдан негізсіз талаптарын таңу үстем жағдайды теріс пайдаланудың нақты, егжей-тегжейлі сипатталған нысандары болып табылады.

Негізгі айырмашылық – бұл іс-әрекеттердің барлығы баға есебінен тікелей аса жоғары пайда алуға емес, бәсекелестікті бағалық емес әдістермен шектеуге, нарықтың басқа қатысушылары үшін кедергілер жасауға немесе жекелеген контрагенттердің құқықтарын шектеуге бағытталғандығында. Бұл монополияға қарсы органнан дәлелдеудің және экономикалық талдаудың өзге әдістерін қолдануды талап етеді.

«Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының[2] 5-бөліміне сәйкес, бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі қағидаттарының бірі монополияға қарсы реттеудің алдын алу (профилактикалық) шараларының басымдығы болып табылатынын атап өткен жөн.

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және нарық субъектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға ынталандыру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдыққа ие.

Аталған қағидат Кодекстің 199-бабында бекітілген, онда монополиялық бағаларды белгілеуді және картельдік келісімдерді қоспағанда, монополияға қарсы орган нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері болған кезде тергеп-тексеру жүргізбестен хабарлама жіберетіні тікелей көрсетілген.

Осылайша, бұзушылықтардың аталған түрлері бойынша көп жағдайда тергеп-тексеру жүргізудің алдында нарық субъектісінің бұзушылық белгілерін өз бетінше жоюы үшін хабарлама шығарылады, бұған дейінгі хабарлама шығарылған сәттен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде сол нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын дәл сондай бұзу белгілерінің қайта анықталуы ерекше жағдай болып табылады.

Өз кезегінде, жоғарыда аталған әрекеттердің кез келгенін бұзушылық белгісі ретінде сараламас бұрын, нарық субъектісінің тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие екендігін анықтау қажет.

Айталық, монополиялық жоғары бағаларды анықтау кезінде бұзушылық белгілері бағалар мен өндіріс көлемі серпінінің талдауында бекітілсе, үстем жағдайды теріс пайдаланудың өзге түрлерінің белгілері көп жағдайда хабарламада көрсетіледі және бекітіледі.

Осыған байланысты, хабарлама шығарылғаннан кейін бұзушылықтың қайталап анықталу жағдайларын қоспағанда, нарық субъектісінің іс-әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) бұзушылық белгілері туралы монополияға қарсы органның хабарламасын белгіленген мерзімде орындамауы тергеп-тексеру жүргізуге негіз болады (Кодекстің 216-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы).

Кодекстің 218-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, нарық субъектісінің жағдайын айқындау мақсатында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіледі.

Кодексте жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша фактілерді анықтау тәртібі тікелей регламенттелмеген. Алайда, түрлік айырмашылықтарға қарамастан, олар үшін ортақ сипат - үстем субъектінің контрагенттерге қатысты кемсітушілік тәсілін растайтын құжаттарды (шарттарды, хат-хабарларды, коммерциялық ұсыныстарды) жинау болып табылады.

Дәлелдемелерді жинаудың өзіндік ерекшелігі бұзушылықтың нақты құрамына байланысты болады. Мысалы, қосымша міндеттемелерді қабылдау арқылы келісім жасасуды таңу бойынша негізгі шарттың нысанасына жатпайтын талаптармен мәміле жасауға мәжбүрлеуді растайтын деректерді іздеу шешуші мәнге ие.

Бұзушылық фактісінің дәлелдемелері ретінде үстем/монополист субъектінің сатып алушыны өз мазмұны бойынша негізгі шарттың нысанасына жатпайтын қосымша міндеттемелерді қабылдауға мәжбүрлеуі тіркелген хаттар, коммерциялық ұсыныстар, хабарландырулар және т.б. қызмет ете алады.

Өз кезегінде, контрагенттің шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негізсіз шарт талаптарын таңуы бойынша да осындай құжаттар жиынтығы пайдаланылады, алайда бұл ретте басты назар талаптардың экономикалық немесе технологиялық мақсатсыздығын дәлелдеуге аударылады.

Бұл жағдайда монополияға қарсы органның ұстанымын нығайту үшін тауарлардың немесе қызметтердің функционалдық ерекшеліктерін жоғалтпай, оларды бөлек өткізу мүмкіндігін растай алатын сарапшыларды тарту орынды.

Бұған қоса, аталған бұзушылықтар тобының кез келген түрі бойынша объективті немесе құжатпен расталған болып табылмайтын себептерді (мысалы, форс-мажорлық жағдайлар) болдырмау үшін, үстем/монополист субъектіден шарттарда әртүрлі талаптарды қолдану себептері туралы жазбаша түсініктемелер талап етуге болады.

Дәлелдемелер жиналғаннан кейін, анықталған фактілер оларды растайтын құжаттар көрсетіле отырып, қорытындыда көрсетіледі.

Осылайша, бұзушылықтардың осы тобын дәлелдеу үшін тікелей және жанама дәлелдемелердің қажетті жиынтығы пайдаланылуы мүмкін.

 

  1. Сауда-саттықта бағаларды белгілеуге, көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға байланысты, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері (Кодекстің 169-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы).

Әдетте, сауда-саттықтағы сөз байласу сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықтың белгілі бір нәтижесін жасанды түрде жасау үшін белгілі бір мінез-құлық туралы алдын-ала келісетіндігінде көрінеді.

Картельдік келісімнің белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізу кезінде сауда-саттыққа қатысушылардың іс-әрекеттері мен сауда-саттықтағы бағалардың өсуі, төмендеуі немесе ұстап тұруы арасында себеп-салдарлық байланыстың бар екендігін куәландыратын дәлелдемелер жиынтығын анықтау қажет.

Сауда-саттықты өткізу кезінде бәсекелестер/әлеуетті бәсекелестер сауда-саттыққа қатысуға өтінім беруге құқығы бар және оларға белгіленген тәртіппен қатысатын тұлғалар болып табылады.

Өтінім беру фактісі нарық субъектісінің белгілі бір тауарды сатуға немесе сатып алуға мүдделілігінің бар екендігін, демек, оның тауарды сатып алғаны үшін немесе оны сатуға келісімшарт жасасқаны үшін бәсекелестікке түсуге ниеті туралы куәландырады.

Тұлға сауда-саттықтың басқа қатысушыларымен бәсекелестікке түспеген жағдайда (мысалы, осы тұлға сауда-саттық барысында баға ұсыныстарын беруден бас тартқан кезде) ол сауда-саттықтың қалған қатысушыларының әлеуетті бәсекелесі болып табылады (егер мұндай тұлға сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келсе).

Сауда-саттықта картельдерге тыйым салу адамдардың бір тобына кіретін нарық субъектілеріне де қолданылады.

Сондай – ақ, сатып алу немесе иеліктен шығару объектісі орнатылуы керек-қандай тауарды жеткізу немесе сату, қандай жұмысты орындау немесе қандай қызмет көрсету сауда-саттық құжаттамасында қарастырылған.

Сауда-саттықтағы бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру түріндегі салдардың басталуы немесе туындау мүмкіндігі. Бұл салдардың болуын келісімге келген сауда-саттыққа қатысушылар ұсынатын баға ұсыныстарының мөлшері бойынша бағалауға болады.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай себеп-салдарын анықтау қажет.

Тергеп-тексерулер нәтижелері бойынша қорытындыда бұзушылықты көрсететін нақты деректер көрсетілуі тиіс. Мысалы, Кодекстің 169-бабының 1-тармағында 2)-тармақшасына сәйкес сауда-саттық, аукциондар, конкурстар қорытындыларының бұрмаланғанын куәландыратын деректер көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, бәсекелестікке қарсы келісім жасасу мүмкіндігін бағалау үшін келісімге қатысушылардың өзара қарым-қатынас дәрежесін анықтау қажет.

Құжаттардың ресімделуі мен мазмұнындағы сәйкестілік, бірдей грамматикалық қателердің болуы (жанама дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы болған кезде) картельдік келісімнің болуын көрсетуі мүмкін.

Бұл ретте бастапқы өтінімдер мәтіндерінің дербес сәйкестігі, өзге де жанама дәлелдемелерсіз, оның ішінде мінез-құлық белгілерінің ұқсастығынсыз, картельдік сөз байласу белгілері туралы куәландыра алмайды, өйткені өтінімді дайындау кезінде еркін қолжетімділікте орналастырылған бірдей үлгілер пайдаланылуы мүмкін.

Сол сияқты, тендерге қатысатын екі нарық субъектісінің бағасындағы ең төменгі айырманың өзі картельдік сөз байласудың бар екендігін толық көлемде куәландыра алмайды, монополияға қарсы органның келісім жасасу, сондай-ақ қандай да бір нысанда пайда алу фактісінің бар немесе жоқтығын назарға алған жөн.

Бұл ретте, нарықтың сол субъектілері арасындағы бағаның ең төменгі айырмасын жүйелі түрде белгілеу бәсекелестікке қарсы келісім жасасу белгілерін куәландырады.

Қандай да бір нысанда экономикалық пайда болмаған жағдайда бәсекелестікке қарсы келісімнің болуын негіздеу өте қиын.

Сонымен қатар, тұтынушылардың (сатып алушылардың) картель қызметінен шығынын есептеу зардап шеккендерге өтемақының тиісті деңгейін анықтау немесе картельмен саланың заңсыз кірістерін бағалау үшін маңызды.

Өз кезегінде, монополияға қарсы орган осы зиянды анықтау үшін келесі формуланы қолдана алады:

Залал = (Кон K− Кон Konk) К K

𝑃 𝑡К - картель болмаған жағдайда баға, 𝑃 𝑡 конк – картельдің бағасы, 𝑄 𝑡 к – картельдік сөз байласу кезеңінде сату көлемі (сатып алу кезінде жасалған шарттардың саны).

Бұл ретте, картель болмаған кезде баға ешқашан дәл анықталмайды, сондықтан есептеу кейбір ұсынымдар мен болжамдарға негізделеді.

Осылайша, картельдерді дәлелдеу үшін жанама дәлелдердің қажетті жиынтығын пайдалануға болады. Бұл ретте мұндай дәлелдемелер құқық бұзушылық құрамының барлық элементтерін растауға тиіс.

 

  1. Бәсекелестікті шектеуге әкеп соқтыратын немесе әкеп соғуы мүмкін кез келген нысанда қол жеткізілген нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы, оның ішінде тауар нарығына қолжетімділікті шектеуге немесе белгілі бір тауарларды сатушылар (жеткізушілер) немесе оларды сатып алушылар келісімдері (Кодекстің 169-бабының 3-тармағы 5-тармақшасы).

Келісім - бұл құжатта немесе бірнеше құжаттарда қамтылған жазбаша келісім, сондай-ақ ауызша келісім (Кодекстің 169-бабының 4-тармағы).

Монополияға қарсы заңнамада, жалпы ереже бойынша, мақсаты және/немесе орындалу нәтижесі бәсекелестікті шектеу болып табылатын бәсекелестікті шектейтін «тік келісімдерге» тыйым салынады (Кодекстің 168-бабының 2-тармағы және 169-бабының 2 және 3-тармақтары).

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «тік келісімдерге» монополияға қарсы тыйым салу олардың арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты тауарды сатушы мен сатып алушы арасында қол жеткізілген ерікті уағдаластықтарға жатады.

Нарықта үстемдік ететін тұлға енгізген келісімге Кодекстің 174-бабы қолданылады.

Өзге жағдайларда, тұлғаның тұтынушыларға қатысты мінез-құлқына қатысты сатушыларға нұсқаулар жолдауы, оның ішінде егер мұндай нұсқаулар азаматтық-құқықтық шарттың болуына байланысты және сатушылардың нұсқау берген тұлғаға экономикалық тәуелділігіне байланысты іске асырылса, экономикалық қызметті жол берілмейтін үйлестіру ретінде қаралуы мүмкін (Кодекстің 169-бабының 5-тармағы).

Кодекстің 169 бабының 2-тармағында және 3-тармағында көрсетілген нарық субъектілерінің келісімдері жол берілетін деп танылуы мүмкін, егер нарық субъектілері арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру нәтижесі немесе мақсаты тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеу болып табылмаса.

Нарық субъектілері арасында жасалған шартта шартқа қатысушылардың бір-бірімен және үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынастарындағы мінез-құлқын айқындайтын шарттардың болуы шарт тараптарының бәсекелестікті шектеу мақсатын көздегенін білдірмейді.

Нарық субъектілерінің әрекеттері олардың арасында қол жеткізілген уағдаластықтарға байланысты бәсекелестікті шектеуге бағытталғанын бағалау кезінде келісімге қатысушылардың нарық субъектілері арасындағы тиісті уағдаластықтарға қол жеткізуде ақылға қонымды экономикалық және/немесе заңнамада белгіленген себептердің бар екендігін куәландыратын дәлелдерін назарға алу қажет.

Сонымен қатар, заңнамада келісімдерді анықтау және белгілеу кезінде бірқатар ерекшеліктер қарастырылған, атап айтқанда:

Жалпы сипаттағы ерекшеліктер

  • бәсекелестікке қарсы келісімдерге тыйым салу адамдардың бір тобына кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімдерге қолданылмайды (Кодекстің 169-бабының 6-тармағы);
  • зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келісімдерге және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, мұндай келісімдер бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкеп соқпаған немесе әкеп соқтырмаған жағдайда тауарларды дараландыру құралдарына қолданылмайды;

Ерекшеліктер келісімдердің өзге түрлеріне қатысты (Кодекстің 169-бабының 3-тармағы);

  • егер қаралатын тауар нарықтарының біріндегі нарық субъектісінің (субъектілерінің) үлесі тауарлар мен сауда-саттықтарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезіндегі тік келісімдерді қоспағанда 20% - дан аспайтын болса тік келісімдерге қолданылмайды;
  • МЖС шарттары, оның ішінде концессия, франчайзинг шарттары болып табылатын тік келісімдерге қолданылмайды;

Келісімдердің жол берілуі (Кодекстің 169-бабының 1-тармағын қоспағанда);

  • келісімдер, егер олар нарық субъектілеріне осы келісімдердің мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиісті тауар нарығындағы бәсекелестікті жою үшін мүмкіндік туғызбаса және өз нәтижесі бойынша Кодекстің 169-бабының 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салдарлары болса немесе болуы мүмкін болса, жол беріледі деп танылады.;

Сонымен қатар, бәсекелестікке қарсы (өзге) келісімдерді дәлелдеу кезінде нарық субъектілерінің өзара іс-қимылының өзі жалпы пайдаға, оның ішінде олардың күш-жігерін біріктіруді, өзара келісуді және тауар нарығында әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) бірлесіп жүзеге асыруды көздейтін өзара іс-қимылға (мысалы, бірлескен қызмет туралы шарт жасасу; нарықтың бір субъектісінің басқа субъектіні тартуы ретінде қосалқы мердігер а және т.б.) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға тыйым салынбайды.

Нарық субъектілері арасында қол жеткізілген келісімдер не монополияға қарсы заңнамамен тыйым салынады әрекеттер, міндетті түрде тауар нарығында бәсекелестікке жол бермеуге (шектеуге, жоюға) әкеп соқтыруға тиіс.

 

  1. Сатып алушының (тапсырыс берушінің) сатушының бәсекелесі болып табылатын нарық субъектісінің тауарын сатпау міндеттемесі белгіленген нарық субъектілерінің вертикалды келісімі (Кодекстің 169-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).

Анықтама: вертикалды келісім – бірі тауарды сатып алатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын (сататын) нарық субъектілері арасындағы келісім (Кодекстің 168-бабының 2-тармағы)».

Іс жүзінде бұл ерекше (айрықша) сатып алулар туралы болып отыр. Бәсекелестікті шектеу бір тауар түрінің шеңберіндегі бәсекелестіктің жойылуынан және ассортименттің азаюынан көрінеді, алайда болжамдылық пен жоспарлауды қамтамасыз ету нәтижесінде өнім беруші бағаны төмендете алады. Мұндай сипаттағы тыйымдар өткізу арналарын да жауып тастауы мүмкін, соның салдарынан өндірушілер өз тауарларын түпкілікті тұтынушыларға жеткізе алмайды.

Вертикалды келісім белгілері болған жағдайда монополияға қарсы орган іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарады (Кодекстің 199-бабының 1-тармағы).

Хабарлама институты монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алуға бағытталған превентивті шара болып табылады және нарық субъектілеріне, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға тергеп-тексеру жүргізбестен, бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік бере отырып, оларды алдын ала сақтандыруға мүмкіндік береді.

Хабарлама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды (Кодекстің 199-бабының 2-тармағы).

Тергеп-тексеру шеңберінде сатушы мен сатып алушы арасындағы сатып алушының сатушы бәсекелестерінің тауарларын сатуын шектеуді көрсететін келісімнің немесе келісілген әрекеттердің бар-жоғы анықталады.

Бұл ретте шектеу әртүрлі нысандарда, соның ішінде шарттық тыйым салу, қосымша талаптарды таңу, санкциялар жүйесін енгізу және т.б. түрінде көрініс табуы мүмкін.

Нәтижесінде сатушының бәсекелестері нарыққа немесе оның елеулі бөлігіне қол жеткізе алмайды, бұл кейіннен сатушының нарықтық билігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, мұндай тыйым салудың экономикалық қажеттілігінің негізділігін көрсететін нарық субъектісі ұсынған материалдарға құқықтық баға беріледі (келісімнің жол берілуі Кодекстің 169-бабы 8-тармағының 1) және 2) тармақшалары бойынша тексеріледі).

Осылайша, вертикальды келісімді дәлелдеу кезінде келісім мен оның салдары (бәсекелестікті шектеу) арасындағы себеп-салдарлық байланысты міндетті түрде анықтау қажет.

 

 

[1] Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістеме, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы бұйрығы

[2] Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығы».

Дата публикации
11 февраля 2026