«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
B-4 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат
кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4,
C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес
лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы
мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық
лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының
хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық
деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік
талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13
желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016
жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің орташа жалақысы, тг.:
B-4 - 380391
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, г.
Астана, пр. Мангилик ел дом 8 1 подъезд, пошта мекенжайы: г.Астана, пр.
Мангилик ел дом 8 1 подъезд, анықтама телефоны: 749413, факс: 749413, e-mail: a.
eshetova@azrk.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына
орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі Әкімшілік-қаржы департаменті қаржы, мемлекеттік сатып алу және
ұйымдастырушылық жұмыс басқармасының бас консультанты, B-4 (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жоспар дайындау. Тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге
асыру. Конкурстық комиссия құру туралы, конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
нормативтік құқықтық актілерді дайындау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу.
Конкурстар өткізу туралы және өткізілген конкурстардың қорытындысы туралы
хабарландырулар дайындау; Шарт жобаларын әзірлеу, хабарландыруларды
мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастыру. Бір көзбен сатып алу
Орындаушы: А.М. Ешетова; Айы-күні: 21.01.2026 ж.; Құжат «Е-қызмет» жүйесінде дайындалғантәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу,шарт жобаларын әзірлеу, өткізілетін
сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге шақырулар дайындау. Бір
көзбен алу тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің
құжаттарын қарау; Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу бойынша шарт жасауды,шарттардың толық орындалуын
ұйымдастыру және шарттарды қазынашылық органдарында тіркеу.Агенттіктің
мемлекеттік сатып алуына қатысқан өнім берушілердің қызметіне талдау жүргізу.
Өнім берушілер шарт жасасудан немесе оны орындаудан жалтарған жағдайда,
уәкілетті құрылымдық бөлімшеге ұсыну үшін осы өнім берушілер жөнінде ақпарат
жинау; Конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысу, Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органға мемлекеттік
сатып алудың бірыңғай
порталы арқылы мемлекеттік сатып алу жөнінде ақпарат беру. Техникалық
қызмет көрсететін және мемлекеттік органның жұмысын
қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын
қызметкерлер бойынша штаттық орналастыру жасау Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар. Агенттіктің
қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді, жоспарланған іс-шараларды өткізу
үшін қажетті материалда қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу
орнынан кейінгі білім: кәсіптік оқыту, менеджмент, халықаралық құқық, құқықтану,
информатика, құқық, экономика және менеджмент, экономика, қаржы, есеп және
аудит, бухгалтерлік есеп және аудит, математика және статистика
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін
қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген
бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және
саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті
органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға
әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару
қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.
Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке
басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б»
корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты
өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын
құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда
конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5
пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып
табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда,
соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ
персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік
органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент
және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның
аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот
тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны
кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс
күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы
хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі