Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменттінің мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу жоспар кестесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 90-6 бабының 39-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы №296/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне   Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу регламентінің                       4-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылға арналған Мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу туралы жоспар-кестесі (бұдан әрі – Жоспар-кесте) бекітілсін.
  2. Жоспар-кестінің орындалуын бәсекелестікті дамыту бөліміне жүктелсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Ч.Утебаевқа жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Департамент басшысы                                                                       Т. Каленов

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментті басшысының

2026 жылғы «___» _____________

№ _____ - НҚ бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан  2026 жылға арналған мониторинг жүргізудің

жоспар-кестесі

№

Мониторинг объектісінің атауы

Мониторинг жүргізу кезеңі

Негіздеме

1

«Астана қаласының білім басқармасы» ММ

2026 жылғы

1 тоқсан

Бәсекелестікке қарсы әрекеттердің жоғары тәуекелдері

2

Astana Invest – «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ

2026 жылғы

2 тоқсан

Бәсекелестікке қарсы әрекеттердің жоғары тәуекелдері

3

«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

2026 жылғы

3 тоқсан

Бәсекелестікке қарсы әрекеттердің жоғары тәуекелдері

(туризм саласын несиелендіру)

4

«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

2026 жылғы

4 тоқсан

Бәсекелестікке қарсы әрекеттердің жоғары тәуекелдері

(«1000 орын - көше саудасы» бағдарламасына қатысушылардың шағын және микробизнес субъектілеріне несие беру)

Дата публикации
09 января 2026