Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларының, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 7-тармағының 4) және 5)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Еуразиялық өнеркәсіптік Ассоциациясы, «Қазақстан Республикасындағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Ассоциациясы» түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі, «Цифрлық Қазақстан қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Сауда Желілері Одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Аудиторлар алқасы» кәсіби аудиторлық ұйымы аккредиттелсін.
  2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге аккредиттеу туралы куәліктер берілсін.
  3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмыс органы осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                  С. Жұманғарин

Об аккредитации объединений субъектов частного предпринимательства
Дата публикации
25 ноября 2020