Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
2020 жылғы «18» қарашадағы № 1
Қатысқандар: (тізім бойынша)
Күн тәртібі:
Аккредиттеу материалдарын қарау туралы.
Сөз сөйледі: Комиссия төрағасы С.Қ. Ахметжанов
Белгіленген мерзімде аккредиттеуге құжаттар ұсынылды:
Еуразиялық өнеркәсіптік Ассоциациясы;
«Қазақстан Республикасындағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Ассоциациясы» түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі;
«Цифрлық Қазақстан қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
«Қазақстан Республикасының Сауда Желілері Одағы» заңды тұлғалар бірлестігі;
«Аудиторлар алқасы» кәсіби аудиторлық ұйымы.
Комиссия келіп түскен құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкестігін қарауы және ашық дауыс беру арқылы тиісті шешім қабылдауы қажет.
Комиссияның шешімі:
Жоғарыда көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу туралы куәлік беру ұсынылсын.
Комиссия төрағасы С. Ахметжанов
Комиссия хатшысы М. Бисембаев
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысына қатысушылардың тізімі
|
Альжан Ерлан Ибрагимулы
|
Тергеп-тексерулер департаментінің директоры |
|
Искаков Арсен Бейсембаевич
|
Стратегиялық талдау департаментінің директоры
|
|
Абсаттарова Маржан Несипбековна
|
Отын-энергетика кешені департаментінің директоры
|
|
Нурмаганбетова Асемгуль Жумабаевна
|
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры
|
|
Кайрбаева Акжан Токтарханкызы
|
Көлік және байланыс департаменті директорының міндетін атқарушы
|
|
Адикова Жанар Асылхановна
|
Қаржы нарықтары және өзге салалар департаменті директорының міндетін атқарушы
|
|
Ортакбаева Асель Бактияровна
|
Биржалық бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы
|
|
Кожикова Бахыт Тенелбаевна |
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы |
|
Бисембаев Мади Айбекович |
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Комиссия хатшысы |
___________________________